» » Мектеп оқушысы орындық лақтырып, мұғалімді естен тандырды

Мектеп оқушысы орындық лақтырып, мұғалімді естен тандырды

 РФ Иркутск облысы Чунский ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі №90 мектепте бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотты болған жасөспірімнің мұғаліміне орындық лақтырғанын хабарлады. 
 Орындық егде жастағы мұғалімнің маңдайына тиюі салдарынан ол ес-түсінен айрылған. Дәрігерлер ұстаздың миы шайқалғанын анықтап отыр. 16 жастағы жасөспірім сабақ ортасында басқа сыныптан кіріп келген. Мұғалім оның шығуын сұраған, алайда ол жат қылық көрсетіп, дөрекі сөйлеп, артынша мұғалімге қарай орындық лақтырады. Аудан әкімдігі хабарламасында айтылғандай, ол шілде айында Ангар тәрбиелеу колониясынан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. Енді оны колонияға қайта оралып, 4 ай қалған мерзімін өтеу жазасы күтіп тұр. 
Дереккөз:Қазақпарат.


04 қазан 2017 г. 6 597 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 32 705 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 25 842 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031