» » Отбасы мәселелері және отбасы құндылықтары бойынша Қазақстандық ата-аналар қауымдастығы, мұғалімдер және мектеп директорлары ұстаздардың апталық жүктемесін азайту мәселелерін талқылады

Отбасы мәселелері және отбасы құндылықтары бойынша Қазақстандық ата-аналар қауымдастығы, мұғалімдер және мектеп директорлары ұстаздардың апталық жүктемесін азайту мәселелерін талқылады

  Отбасы мәселелері және отбасы құндылықтары бойынша Қазақстандық ата-аналар қауымдастығы, мұғалімдер және мектеп директорлары ұстаздардың апталық жүктемесін азайту мәселелерін талқылады.Бұл туралы БҒМ-нің баспасөзқызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 «Біз министрліктің білім саласы мәселелері мен онда болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде талқылай бастағанына қуаныштымыз. Біздің ұсыныстарымыз – пісіп-жетілген мәселелер,-деп мәлімдеді қауымдастық өкілі  Софья Евдокимова. – Мысал үшін, бүгін оқушыларға түсіп жатқан жүктеме өте үлкен. Осы орайда біз ең алдымен Қазақстандағы 300 мың мұғалімнің жүктемесін азайту қажет деп түсінеміз. Бүгінгі күні олардың жүктемесі аптасына 18 сағатты құрап отырса, ол кем дегенде 2 сағатқа азайтылуы тиіс. Сыныптардағы оқушылардың көптігінен педагогтардың тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге уақыттары жетпейді. Біз министрлікті жұртшылықпен, мұғалімдердің кәсіподағымен, депутаттардың қатысуымен осы және басқа да мәселелерді талқылауды жалғастыра беруге шақырамыз».

 Астаналық №77 мектеп директорының орынбасары Айман Сүбебаеваның пікірінше, «мұғалім жүктемесін 2 сағатқа азайтудың бірден-бір шешімі – жоғары сынып оқушыларының апталық жүктемесінің 39 сағаттан 35 сағатқа дейін, сонымен қатар негізгі және бастауыш мектеп оқушыларының оқу сағаттарының да осыған пропорционалды түрде қысқартылуында. Олай болмаған жағдайда облыстар мен қалалардағы мектептерде көптеген жаңа орындар ашылуы тиіс. Бүгінгі жағдайда мұндай мөлшердегі қаражат бөліну мүмкіндігі бар ма екен».

«Бұны жоғары сыныптардың бағдарламаларын 5 күндік оқу аптасына күніне 7 сабақтан асырмай сыйғызу мәселесін талқылау аясында қарастырғанбыз – мәселе үлгілік оқу жоспарлары өзгертілсе шешіледі деген тұжырымға келгенбіз», - деді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Айнұр Маусымбаева.

 Ата-аналар мен педагогтардың өзара әрекеттестігін нығайту шараларын ұсынған Софья Евдокимова қауымдастықтың биылғы көктемде әрбір мектептің әр сыныбында жүргізіліп жатқан ата-аналар чаттары арқылы ең көкейтесті мәселелерге қатысты ақпарат тарату бастамасын іске асыра бастағаны туралы айтты. «Жаз айларында ата-аналар бала жадының қалайша жұмыс істейтіндігі, критериалды бағалау, шет тілдерін оқудың пайдасы, сыни көзқарас дағдыларын дамыту, пайдалы кітаптар, сондай-ақ, оқушы жасындағы балалары бар отбасылар үшін басқа да тақырыптар бойынша оннан астам фильм таратылды.  Сонымен қатар ата-аналарға 15 түсіндіру хаттары мен интервью жіберілді. Қазір сабақ кестелерінің тиімді үлгілерінің түрлі варианттары, қамқорлық кеңестерінің жұмысы, спортшы оқушылардың дене шынықтыру сабақтарынан босату және т.б. тақырыптардағы ақпарат әзірленіп жатыр – бұл 30-дан астам шағын фильм. Мұндай тақырыптағы ақпарат ағымын тек ата-аналарға бағыттап отырмыз. Ата-аналардың пайдалы, шыншыл, сенімді де қызықты ақпарат ақпарат алу мүмкіндігі өте  маңызды».                                      

12 қазан 2017 г. 4 438 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 268 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 625 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031