» » «Дарын» орталығы ата-аналарды оқушылардың ақылы интеллектуалдық олимпиадаларын таңдаған кезде ұқыпты болуды талап етеді

«Дарын» орталығы ата-аналарды оқушылардың ақылы интеллектуалдық олимпиадаларын таңдаған кезде ұқыпты болуды талап етеді

 Соңғы уақытта әртүрлі ұйымдардың жоғары сынып оқушылары арасында ғылыми-зерттеу сипатындағы зияткерлік іс-шаралар мен турнирларды ақылы түрде өткізу жағдайы жиілеп кетті.Көптеген ата-аналар,  олимпиада ойындарында жеңіске жету жоғары оқу орындарына білім грантына ие болуда маңызды болады дей отыра, балаларды қатыстыру үшін қаражат іздестіреді. Алайда, ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер, біздің елімізде дарынды балаларды анықтау, оқыту және қолдау,  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік іс-шараларды (турнирлер, фестивальдар, жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары)  ұйымдастыру «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығы арқылы жүзеге асырылатынын білулері керек.  Барлық зияткерлік іс-шаралар тек қана еркін негізде тегін жүргізіледі.

Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдар желісінің артуы,  Қазақстан құрама командасының халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда лайықты жетістікке жетуі - қазақстандық дарынды балалармен жұмыс жүйесінің мақсатты қызметінің нәтижесі. Дарынды балаларды мемлекеттің қолдау нысандарының бірі жаратылыстану-математика бағытындағы Президенттік олимпиада, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  білім беру гранттарын тағайындау конкурсында басымдылық беруі. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстардың тізімі Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

Бүгінгі күні жеке ұйымдар тарапынан нарықта ұсынылатын барлық басқа олимпиадалар білім беру грантын иеленуге басымдылық құқығын бермейді. Сондай-ақ ұсынылып отырған міндеттерді айтпағанда, тапсырмалардың деңгейі мен сапасы туралы ата-аналар күмән мен мәселелерді көтеріп: «екі орынды санға қоссаңыз», «қылқан жапырақты ағаштардың түрін белгілеңіз», «Айжан анықталған санға көбейтіледі» және көптеген мысалдар бар. Ата-аналар балаларын кез-келген олимпиададарда ақылы түрде қатыстыруға құқығы бар, алайда «Дарын» орталығы балаларға қажетті, жан-жақты дамуға көмек беретін, қызығушылық қабілетін арттыратын зияткерлік іс-шараларға қатысуды, таңдауда қырағы болуға шақырады.

«Дарын» баспасөз орталығы

13 қазан 2017 г. 5 098 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 100 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 836 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930