» » Атырау: Құнды семинар – тиімді тәжірибе

Атырау: Құнды семинар – тиімді тәжірибе

 «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының жоспарына сай      «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы ұйымдастырған 2017 жылдың  31 қазан күні институт базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тілдік дағдыларды қолданудың стратегиялары» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

  Семинарға жалпы білім беетін мектептердің жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесімен қатыса алды.

Семинар жұмысының негізгі мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін  оқытуда бүгінгі заманның  талабына сай мұғалімдердің ғылыми әдістемелік және  шығармашылық ізденісін жетілдіру, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру; озат тәжірибе алмасу; іс-тәжірибемен бөлісу және тарату. Семинар жұмысына институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Айтбай Қонысұлы Қарамурзин қатысты. Семинарда 14 жұмыс тыңдалып талқыланды. Сабақ үдерісінде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым коммуникативтік тілдік дағдыларды жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді үйренген оқушылар білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін   жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше алатын ұрпақ боп өсуі тиіс.Ал енді осы оқушыларды дәл сондай дәрежеге жеткізуді мақсат етіп отырған ұстаздар өз тәжірибесінде тілдік дағдыларды қолданудағы әр түрлі стратегияларын ортаға салды, ой бөлісті, тәжірибе алмасты.Жұмыстар осы жөнінде болды.

Өзінің жүйелі, ғылымилығы мен іс-тәжірибесіне аса мән беріп талданған, шебер-сыныптарымен ерекше көрінген мұғалімдер Индер ауданының әдістемелік кабинет меңгерушісі Роза Қабышқызы Даулетова мен Оспанова Айнұр   – Индер ауданы, С.Сейфуллин  атындағы орта мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Даулетова Назгүл –  Индер ауданы Аққала орта мектебі,  Зинулғайынова Эльмира –    Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы  орта мектебі  шығармашылық тобы ұйымдастырған  «Қазақ тілі сабағында  оқушылардың  тыңдалым, айтылым  дағдыларын дамыту жолдары» шебер-сыныбы мен   Жарылғасова Гүлшат Ғилажқызы – Исатай ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің мұғалімінің «Қазақ тілі сабақтарында тілдік дағдыларды қолдануда белсенді әдістерді тиімді қолдану» жұмысын, сонымен бірге  Темирова Эльмира Жумабаевна – Жылыой ауданы, №2-орта мектебінің мұғалімінің «Қазақ  тілі пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытудың тиімділігі  (7-сынып бойынша)»,  Кокимова Даметкен Жанбаевна -Жылыой ауданы, №7-орта мектебінің мұғалімінің «Әдебиет сабақтарында коммуникативтік дағдылар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мүмкіндігі» (5-сынып бойынша)» жұмыстарын ғылымилығымен ерекше атауға болады.

Барлық жұмыстар өз тиімділігін көрсете алды деп айта аламын, себебі семинар тақырыбын аша алмаған әріптестердің жұмысы болған жоқ. Семинар соңында ашық микрофон ұйымдастырылды. Бұл жұмыс барысында талқылаулар болды, сұрақтар қойылды, пікірлер талқыланды. Қатысушылар семинар соңында ауызша кері байланыстар берді.

Семинарға тікелей қатысқан мұғалімдер сертификатқа, ал Индер ауданының әдістемелік кабинет меңгерушісі Роза Қабышқызы Даулетова институттың «Алғыс хатына» ие болды.

02 қараша 2017 г. 7 652 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 219 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031