» » Жатақханада тұратын студенттер жуыну үшін ақша төлеуге мәжбүр

Жатақханада тұратын студенттер жуыну үшін ақша төлеуге мәжбүр

Семейде арнайы құрылған комиссия мүшелері жатақханаларды тексеріп жатыр, деп хабарлай ҚазАқпарат. Себебі, студенттерге арналған баспанаға бөгде тұрғындардың орналасуы жиілеп кеткен. Бүгінде Семейде 20-дан аса колледж, 4 университет бар. Мұнда 30 мың студент білім алып жатыр. Бірақ жатақханамен барлық жасты қамту мүмкін болмай тұр. Студенттерге жатақханадан орын жетпей жатқанда, оны өзге біреулерге жалға беретін басшылар бар болып шықты. Мұны қаладағы жатақханаларға тексеру жүргізген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен арнайы құрылған қоғамдық мониторингтік топ мүшелері анықтады. Кезекті тексеріс кезінде де тағы бірқатар мәселелердің беті ашылды. Қаладағы жекеменшік жатақханада тұратын студенттер үшін толық жағдай жасалмаған. Мұнда ас бөлмесі мен азық-түлікті сақтайтын тоңазытқыш та жоқ. Тіпті студенттер жуынатын бөлмеде суға бір рет түскені үшін 150 теңге төлейтін болып шықты. Сонымен қатар студенттер 16 мың теңге шәкіртақысының 14 мыңын жатақханаға төлейді. Негізінде жатақхана үшін төлемақы шәкіртақының 25 пайызынан аспауы тиіс. «Бүгінде қаладағы барлық оқу орындарының өздеріне тиесілі жатақханасы жоқ. Сондықтан білім ордасы басқа жатақханасы бар оқу орынымен келісіп, студенттерін орналастырады. Бірақ жатақханалардың жағдайы көңілімізге қонбайды. Ай сайынғы төлемақысы қымбат. Студенттердің бос уақытында демалатын, сабаққа дайындалатын, тіпті ас дайындатын бөлмесі жоқ. Енді осы мәселелерді шешуге ықпал етеміз», - деді мониторингтік топ мүшесі Николай Исаев.


22 қыркүйек 2018 г. 4 805 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 092 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 832 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930