» » Астанада танымал профессордың отбасы өрттен көз жұмды

Астанада танымал профессордың отбасы өрттен көз жұмды

Астанада бүтіндей бір  отбасы көк түтінге тұншығып, қырылып қалды. Есілдің сол  жағалауындағы элиталық «Хайвил» тұрғын үй кешенінен шыққан өрттен ажал құшқандар – шетел  азаматтары. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
 

Яғни бұлар – 64 жастағы нигерялық пен оның 54 жастағы жұбайы Ұлыбритания азаматы. Әрі ерлі-зайыптылардың 17 және 8 жастағы балалары ажал құшқан. Жантүршігерлік оқиға бүгін таңға жуық болды. Түнде пәтер ішінде жиһаз өртеніп, ұзақ уақыт бықсып жатыпты. Ал шырт ұйқыда жатқан отбасы түтінге  тұншығып, көз жұмған. Марқұм отағасы Назарбаев университетінің жанындағы медициналық мектепте сабақ берген екен. Мұнда  Кэнджи Элай есімді профессор былтырдан бері жұмыс істеген. Қазір қайтыс болған азаматтардың мәйітін отанына жеткізу мәселесі қаралып жатыр. Ал бір жанұяны жазым еткен өрттің неден шыққаны белгісіз. Қазір пәтерге мөр басылып, тиісті сараптамалар жүргізілуде. 

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Бөлмеде алапат өрт болмаған. Қайтыс болу себебі, газға  уланған. Алдын ала айтсақ, сым тоқтары тұйықталған болуы мүмкін.

17 шілде 2017 г. 3 482 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 006 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 801 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930