» » Қызылорда облысының мектептерінде тамақтандырудың жаңа талаптары енгізілді

Қызылорда облысының мектептерінде тамақтандырудың жаңа талаптары енгізілді

 Балаларға арналған төрт апталық тағамдар рационын Қазақ тағамтану академиясының мамандары әзірлеген, деп хабарлайды «Хабар 24». Өңірдегі 279 мектептің 152 мың оқушысына құнарлылығы жоғары ыстық тамақ беріледі. Оның 25 мыңдайы ақысыз негізде тамақтанады. Бұл мақсатқа бір миллард теңгедей қаржы бөлінген. Аймақ мектептерінде сондай-ақ бірнеше азық-түлік түрлерін тұтынуға тыйым салынып отыр. Білім мекемелері, кәсіпкерлер және Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті арасындағы үшжақты келісімге сәйкес шектеу шаралары қолданылып отыр. 
Айта кетсек, өткен жылы Жаңақорған ауданында 25 оқушы астан улану дерегі тіркелген болатын. Эпидемиологиялық тексеріс нәтижесінде жаппай улану қарақұмық және жұмыртқа пайдаланғаннан болғаны анықталды. Осындай келеңсіз жайттар қайталанбас үшін әр мектепте ата-аналар мен түрлі сала өкілдерінен құралған арнайы комиссия құрылды.
Нұржан Жұманов, облыстық білім басқармасының бас маманы: - Балалардың тамақтан улануының алдын алу үшін іс-шара жоспары бекітіліп, рейд жүргізіліп жатыр. Оқу жылы енді басталды. Алдағы қазан, қараша айларында рейд жүргізіледі. Рейд аясында санитарлық талаптарға сәйкес 611 бұйрықта көрсетілген мектеп асханасы, буфеттерінде сатуға тыйым салынған тамақтарды сатпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
02 қазан 2018 г. 1 621 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 20 748 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 22 540 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031