» » Жамбылдық жастар «Zhas Project» жобасы аясында нәтижелі жұмыстар атқаруда

Жамбылдық жастар «Zhas Project» жобасы аясында нәтижелі жұмыстар атқаруда

Елімізде әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында ауқымды жобалар атқарылуда. Соның бірі жастарға, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған ел тұрғындарын қолдауға бағытталған – «Zhas Project» жобасы. Жастардың идеясы мықты, жоспары сақадай-сай болғанмен, қаржы қолбайлау болса, бизнес әлеміне еркін ену мүмкін емес. Ал «Zhas Project» жобасы идеясы мол жастарға қаржылай демеушілік жасап, жеңімпаздарға 1000000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді. Бұл туралы "Edunews.kz" AA хабарлайды.
Осы орайда, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де «Jas Project» бағдарламасы аясында мамыр-маусым айларында жобаларға ұсыныстар қабылданып, Шақпақ ауылдық округінен бес жас өзінің жобаларын ұсынған болатын, алайда бірақ сол бес жастың ішінен кәсіпкерлікі дамыту бойынша аудан орталығында үш кезеңнен өткен жобаға, Шақпақ ауылдық округінің азаматы Тіленбай Қазбек Хамзалбекұлы жобаның шәкіртақысын жеңіп алған болатын. Аудан орталығында бұл жоба аясында қатысушыларға тренингтер мен арнайы семинарлар өткізіліп, барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жоба жеңімпазы Қазбек өз кәсібін дөңгелетіп келеді. Ұтып алған шәкіртақысына Қазыбек өз командасымен бірінші траншына бір бие құлынымен алып, Шақпақ ауылдық округіне қарасты, Амансай ауылында «Жуалы қымыз орталығын» ашқан болатын. Бұл орталық енді алты ай бойы ауыл тұрғындарына тегін қызмет көрсетіп, қымыздарды тарататын болады. 

Қымыз - дерттің дауасы, саумалы - емнің шипасы деп атам қазақ сонау жылдары айтып кеткен емес пе? Енді сол қымыздың қасиеттілігіне тоқталып өтсек; қымыздың құрамында, құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады. Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы. Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады. Қымыз құрамында 28 түрлі микроэлементтер, көптеген дәрумендер бар. Бұл элементтер бие құнарлы жерге жайылған сайын арта түсетіні бар.
Сондай-ақ, қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр. Қазбек бауырымыздың командасыда осы мақсатта жұмыстарын жүргізгелі отыр.
Алдағы уақытта да жастарға көрсетіліп жатқан мемлекеттік көмекті қолдана отырып әлі де талай белестерді бағындыратындарына сенімді. Қазіргі уақытта «Жуалы қымыз орталығы» үш адамды атап айтар болсақ Тіленбай Қазбек, Тіленбай Құдияр, Тілепов Бауыржанды жұмыспен қамтып отыр. Аптасына алты күн, төрт сағаттан жұмыс жасайды. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт алуға болады. Кей биелер 15-17 литрге дейін сүт береді екен. «Жуалы қымыз орталығы» командасыда қазіргі танда тек Амансай ауылының тұрғындарын ғана қамтып жатыр, болашақта ауқымын кеңейтіп, бүкіл аймақты қамтитын болады. Кәсібін жаңадан бастаған ауыл жастарымен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен жастар ісі нұсқаушысы тығыз байланыста жұмыс жүргізіп жатыр.

Жастар ресурстық орталығы
КММ-нің, Шақпақ ауылдық округі
бойынша жастар ісі нұсқаушысы Ақжан Ахметов

15 қазан 2018 г. 56 862 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 497 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930