» » Гранттар, жәрмеңкелер және сервис: Таразда кәсіпқой жастарды қолдайды

Гранттар, жәрмеңкелер және сервис: Таразда кәсіпқой жастарды қолдайды

Таразда «жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша кезекті оқу курсы аяқталды. Бұл туралы "Edunews.kz" AA "ZhambylNews" Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл 60-тан астам адам оқуға ниет білдірді. Олардың арасында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де, кәсіпкерлік әлеуеті бар ұл-қыздар да бар.

«Біз табысты бизнес үшін кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-идеялар генерациясы, кәсіпкерлерге арналған қаржы, бизнес-жоспарлар әзірлеу, салықтық әкімшілендіру, персоналды басқару, бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану және бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары сияқты өмірлік маңызды мәселелерді оқытамыз», – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-бапкері Гүлмира Метерова.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сервистік қолдау көрсету ресурстары өте пайдалы. Оларды үйден немесе жұмыс орнынан, соның ішінде телефоннан, онлайн режимінде кетпей алуға болады. Бұл кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу, салық салу және әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп, бизнес жоспарды әзірлеу және банктерде сүйемелдеу бойынша қызметтер мен кеңестер. Бұл қызметтерді кәсіпкерлер палатасының сайты арқылы – ашық, жедел, тегін алуға болады.

Оқыту қорытындысы бойынша барлық 60-тан астам тыңдаушы өз жобаларын қорғап, оқудан өткендігі туралы сертификат алды. Ол өз кезегінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің алдында тағы бір мүмкіндік ашады – гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға құқық береді.  Сонымен қатар, мектеп тыңдаушылары жобалар Жәрмеңкесінде өздерінің бизнес-идеяларын қорғайтын болады, онда жеңімпаздарға Жамбыл облысының ҚЕҮ қауымдастығы мен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы атынан сыйлықтар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Сондай-ақ, осы жоба аясында жас кәсіпкерлер үшін «Жамбыл облысының жас кәсіпкері: жыл таңдауы 2018» байқауы және «Таразда жасалған» Жас кәсіпкерлердің көрмесі жоспарланған.

«Ғылыми тәсілге негізделген тиімді бизнесті көтермелеу мақсатында ҚЕҰ қауымдастығы мен жастар кәсіпкерлік кеңесі алғаш рет Талдықорған, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары үшін «Жас ғалым 2018» өңірлік байқауын өткізеді. Қазірдің өзінде 50-ден астам өтінім жиналды және алда ғылыми – инновациялық жобаларды бағалау рәсімі бар», – деді Жас кәсіпкерлік кеңесінің төрайымы Айнұр Зауырбекова.

Естеріңізге сала кетейік, жақында әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларының байқауы аяқталған болатын. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 16 қазанында Жамбыл облысының ҮЕҰ форумында өтеді.

«Жастар және әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша осы іс-шаралар Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы есебінен, сондай-ақ, тартылған қаражат есебінен ұйымдастырылды. Бұл жұмысты жастар кәсіпкерлігі кеңесі жүйелі түрде, ерекше және қуанышты жүргізеді, ол өз жемісін береді. Осылайша біз білім, тәжірибе және іскерлік байланыстар алған және оларды іс-жүзінде қолданатын 14 жастағы қатысушылардың да бар екенін айта аламыз. Жастар кәсіпкерлігін дамытуға барлық мүдделі тұлғалардың күш-жігерін біріктіріп, осылайша біз Жамбыл облысында жас кәсіпкерлердің саны қалай өсіп жатқанын көре аламыз», – деп түйіндеді Айнұр Зауырбекова.

Жас кәсіпкер мектебі – бұл Жамбыл облысы жастарының инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу, жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту және олардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін арнайы жүргізілетін жоба.

17 қазан 2018 г. 55 660 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 594 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930