» » Ағылшын тiлiндегi пәндердiң мұғалiмдерiне үстемақы төленедi – министр

Ағылшын тiлiндегi пәндердiң мұғалiмдерiне үстемақы төленедi – министр

 2019 жылдан бастап ағылшын тiлiнде өтетiн пәндердiң мұғалiмдерiне 25 пайыз үстемақы төленедi. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілін оқуды бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім курстарда бiлiм алуға кiрiседi. Курстың әртүрлісі, 3, 6 және 9 айлығы бар. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтсе, онда оқытушының жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша ақы төленеді. Жол шығыны да өтеледі. Курсты аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ бере алатын болса, жалақысына 25 пайыз үстемақы қосылады», - деді Ерлан Сағадиев.

Атап өтсек, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында елiмiзде биылдан бастап 500 сынып ағылшын тiлiнде оқытылмақ.

26 шілде 2017 г. 2 658 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 958 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031