» » «NISMATH»: Қызылордадағы НЗМ мұғалімі Мұхтар Бегайдаров қазақ тілді математика сайтын жасап шығарды

«NISMATH»: Қызылордадағы НЗМ мұғалімі Мұхтар Бегайдаров қазақ тілді математика сайтын жасап шығарды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арнап жасаған математикалық сайты Қазнетте танымалдылығы артуда. Бір айдың ішінде жүйеге 23 000 белсенді қолданушы тіркеліп, олар контент мазмұны мен қолжетімділігіне жоғары баға беруде.

Сайт құру идеясы екі жыл бұрын пайда болған екен. Қазақ тіліндегі материалдардың жетіспеушілігін байқаған Мұхтар математика бойынша оқулықтардың электронды нұсқаларын бір веб-параққа жинақтауды қолға алды. Алдымен 600-ден астам кітап, видео-оқулықтар, ғылыми мақалалар және тақырыптық теориялық материалдар жүктеді. Кейін әріптестерінің кеңесі бойынша онлайн-платформаны түрлі ресурстармен және құралдармен толықтырды. Сайтта әдістемелік нұсқаулықтан басқа, қорытынды емтиханға дайындалуға арналған әртүрлі тест тапсырмалары бар. Сонымен қатар, пән бойынша білімді тексеруге арналған олимпиадалық бөлім ашылған.

– Мен сайтты 2018 жылы бастап оны. «NISmath» деп атадым. Өткен жылғы түлек Арман Әлішер сайт логотипін жасауға көмектесті. Тағы бір оқушы Нұрбол Бижігіт оның мобильді нұсқасын әзірледі», – деді Мұхтар.

Оқырмандар мен сайт пайдаланушылар географиясы күн сайын артып келеді. Алғашқы жылдары платформаны 1000-ға жуық адам қолданса, биыл бір ғана айдың ішінде жүйе 23000 белсенді қолданушыны тіркеді.

– Сайт өте қолжетімді және заманауи білім беру бағдарламасына бейімделген. Барлық ресурстар тегін, бұл пайдаланушылар үшін өте маңызды. Мен өз тәжірибемде оқулықтарды, тапсырмаларды жиі қолданамын. Сабақтарда сайттың қосалқы қосымшаларын пайдаланамын», – деді Жазира Балаби, Түркістан облысындағы ауыл мектебінің мұғалімі.

Бүгінде «NISmath» көмегіне еліміздің педагогтары мен оқушылары жүгінеді екен. 

Мұхтардың бұл авторлық жобасын пайдаланушылар ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер арасында өткізілетін дәстүрлі республикалық білім сайысының сарапшылары да жоғары бағалады. Педагогикалық идеялар фестивалінің «Шеберлік палитрасы» бөлімінде «nismath.org» интернет-платформасы әріптестердің үлкен қызығушылығын тудырды, ал жобаны қорғаған кезде қатысушылардың 100 пайызы платформаның белсенді қолданушылары болып шықты. Байқау нәтижесінде М.Бегайдаровтың математикалық сайты таратуға және тәжірибеде қолдануға лайықты үздік идея деп танылды.

Айта кету керек, 2019 жылғы қорытынды аттестаттаудың нәтижелері бойынша Мұхтар Бегайдаров шәкірттері математика пәні бойынша жоғары балл жинап, жиырма Зияткерлік мектеп арасында бірінші орыннан көрінді.

Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен педагогикалық қызметтегі шығармашылық жетістіктері үшін Мұхтар Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мұхтар Бегайдаров – бос уақытында өз бастамасы бойынша мектеп оқушылары мен мұғалімдерге жаңа білімді меңгеруге және математиканы бағындыруға көмектесетін Сыр өңіріндегі ең танымал еріктілердің бірі. Сайтқа сілтеме: https://nismath.org/


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі 
12 ақпан 2020 г. 2 284 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 138 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 848 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930