» » АМЕРИКАДАҒЫ КҮЙ-ШАШУ

АМЕРИКАДАҒЫ КҮЙ-ШАШУ

Ақпан айының 22-29 күндері Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің «Жігер» домбырашылар ансамблінің бір топ мүшесі Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық музыка фестиваліне қатысып қайтты. Профессор Айтжан Тоқтаған бастаған жас өнерпаздар Қазақ ұлттық өнер университетінің шығармашылық ұжымдарымен бірге әлемдегі ең әйгілі концерт алаңы Карнеги холда өнер көрсетті. Өнер сүйер американдықтардың назарына қазақ халқының күй өнерінің үздік туындыларынан попурри ұсынып,  күй-шашу жасаған домбырашылар тыңдармандарын тәнті етті. Фестиваль аясында жеке орындаушылар арасында өткен байқау орындау шеберлігімен ерекшеленген дарынды жас музыканттарды анықтады. Байқауда Зияткерлік мектеп оқушысы Ахметов Дәулетбек  қазақтың дүлдүл домбырашылары ерекше бағалайтын Құрманғазының «Төремұрат» күйін орындап, 1 орын иеленді.  Домбыра үнімен, алуан түрлі қағыстармен қазылар алқасын өзіне қаратқан Дәулетбек жоғары музыкалық-орындаушылық шеберлігі үшін  арнайы дипломмен марапатталды.

Фестиваль күндері жас өнерпаз- зияткерлер әлем астанасы болып саналатын Нью-Йорк қаласына саяхат жасап, ғасырлар бойы сақталған көрнекі нысандармен танысты, түрлі театрлар шоғырланған Таймс-скверде қыдырды.

Әлемге ұлттық музыка өнерін дәріптеген оқушылар елге ерекше әсермен оралды.

   
      
20 ақпан 2020 г. 4 394 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 228 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031