» » «Қазақстан Мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының жеңімпазы анықталды

«Қазақстан Мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының жеңімпазы анықталды

2020 жылдың 26 қараша күні «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының жеңімпазы болып Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева атанды деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі.

Алматы қаласында өткен Салтанатты марапаттау рәсімінде «Қазақстан мұғалімі 2019» Гул Муаммер жеңімпазға Ұлттық сыйлық пен Әлия Нұрсұлтанқызы тағайындаған 4 миллион теңге көлеміндегі қаржылай жүлдені табыстады. Сонымен қатар, сыйлық иегері Динара Бейсембаеваға Қазақстан Республикасының аумағындағы Жаһандық сыйлықтың Амбассадоры құрметті атағы берілді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалына химия пәні мұғалімі болып жұмысқа кіріскен кезінен Динара Бейсембаева өзін жоғары моральды, шығармашыл тұлға ретінде көрсете білді, көптеген оқушылардың бойына жоғары моральдық-рухани қасиеттерді дарытып, өскелең ұрпақтың әлемін байыта алды.

Бала кезінен ол мұғалім болуды армандап, оны саналы түрде таңдады. Химия және биология пәнінің мұғалімі ретіндегі еңбек жолын 2005 жылы "Жас Ұлан" әскери мектебінде бастайды. 2006 жылы Семей қаласындағы жалпы білім беретін мектепте, 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласындағы қазақ тілінде оқытатын мектепте биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 2013 жылы Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастайды. Ол ағылшын тілін қарқынды оқып, бір жыл ішінде сол тілде еркін сөйлей алатындай деңгейге жетеді. 2017 жылы Барселона Халықаралық мектебіне химия және ғылым пәні мұғалімі ретінде шақырылады. Шетелден алған өз тәжірибесін енгізу мақсатында ол 2018 жылы Қазақстанға оралады.

Тағы бір жетістігі - Динараның ауыл мектебінің мұғалімінен Халықаралық емтихан алушыға, Халықаралық Сарапшыға және Халықаралық Бакалавриаттың химия бағдарламасын жасаушыға дейін қалыптасуы болып табылады. Халықаралық бакалавриат бағдарламасын әзірлеу тобының мүшесі бола отырып, ол барлық компоненттер мен талаптарды ескеріп, 11 және 12 сыныптарға арналған химия пәнінен халықаралық бағдарламаны құру бойынша инновациялық қызметке қатысады.

Динара Бейсембаеваның түлектері білімнің жоғары сапасын көрсетіп жүр. 2015, 2017, 2018 оқу жылдарында Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасындағы оқушылардағы сыртқы емтихандардың көрсеткіштері әлемдегіден жоғары болды, бұл олардың әлемнің жетекші оқу орындарына түсуіне ықпал етті. Айта кететін жайт, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне құжат қабылдау 2 желтоқсан мен 23 қаңтар аралығында өтеді. Толық ақпарат www.nis.edu.kz, www.nisa.edu.kz сайттарында.

Сонымен қатар, Бейсембаева Динара Тоқтарқанқызы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мұғалімдері арасындағы «Жыл мұғалімі-2020» желілік байқауының гран-при иегері.

«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығы оқушылардың білім алуында іс-әрекеттік ыңғай идеяларын тәжірибе жүзінде іске асырып жүрген, шығармашылықпен еңбектенетін дарынды педагогтарды анықтау мақсатында Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен өткізіледі. 


Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
28 қараша 2020 г. 3 293 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031