» » Қорқыт Ата университетінің ғалымдары күріш қауызынан жеңіл бетон жасауды қолға алды

Қорқыт Ата университетінің ғалымдары күріш қауызынан жеңіл бетон жасауды қолға алды

 Сырбойылық ғалымдар күріш пен мұнайдың қалдығын пайдаға жаратудың тың жолын ұсынып отыр,деп хабарлады ҚазАқпарат. 
 Жыл сайын Сыр өңірінде шамамен 40 мың тонна күріш қауызы өндірістік қалдық ретінде қажетке жарамай қалады. Ал, ғалымдар осы күріш қауызынан арболит (жеңіл бетон түрі)жасауға болатынын айтып отыр. Бұл әдіс жеңіл бетон өндірісіндегі дәстүрлі технологиямен салыстырғанда біршама арзан әрі экологияны сауықтыруда пайдасы орасан.    Идея авторы техника ғылымдарының докторы Сәкен Үдербаев тың жаңалық жайында айтып берді. «Жергілікті арзан шикізаттарды қолданамыз. Яғни жылу орталығының күлін, сонымен қатар әртүрлі химиялық қоспалар, сұйық шыны, кальций хлориді. Солардың мөлшерін біз екі есе азайтып, арболиттің өзіндік бағасын төмендеттік».    Ал техника ғылымдарының кандидаты Нәби Даужанов темірбетон бұйымдарын өндіруші кәсіпорындар шығынын азайтудың жолын ұсынып отыр. «Яғни бетон құймасын кептіру кезінде күн энергиясы пайдаланылады. Ол үшін арнайы гелиоқақпақ ойлап табылды», - дейді.    Жергілікті ғалымдар мұнай бұрғылау кезінде шығатын қалдықтарды да пайдалы іске бағыттауға болатынын айтады. Әдетте тонналап көмір шығындалатын керамзит өндірісіне енді «қара алтын» қалдықтарын қолданған жөн.   «Алынған технологияны біз Орал қаласындағы керамзит зауытында тәжірибелік сынақтан өткіздік. Ол зауытта акредиттелген зертхана бар. Сол зертхана біздің алынған керамзитіміздің құрамына сертификат сәйкестігін берді. Яғни мемлекеттік стандартқа барлық физикалық-механикалық қасиеттері бойынша сай келеді», - дейді техника ғылымдарының кандидаты Роза Нарманова. Ғалымдар «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің зертханасында өзге де тың технологияларды сынақтан өткізіп жатыр.  


08 тамыз 2017 г. 2 518 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 072 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031