» » Қостанайда Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды

Қостанайда Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Қыркүйектің 28-29 күндері Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» атты екікүндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, сондай-ақ жоғары оқуорындарының ректорлары мен шетелдік сарапшылар, ғалымдарқатысуда.

Конференция барысында Ыбырай Алтынсарин идеялары және оның ағартушылық мұрасы, Ы.Алтынсарин мұрасын зерделеу мен насихаттаудың өзекті мәселелері және т.б. тақырыптар қозғалатын болады.

Бүгін Білім және ғылым министрлігі бастаған делегация өңірдегі педагогтермен және білім ұйымдарының басшыларымен, дарынды балалармен кездеседі, сондай-ақ  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне, Қостанай жоғары политехникалық колледжіне бару жоспарлануда.

Ал конференцияның екінші күні халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы өтеді. Сонымен қатар «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталады деп жоспарланып отыр.

                                                                          ЫАлтынсарин атындағы 

Ұлттық білім академиясының 

баспасөз қызметі
28 қыркүйек 2021 г. 2 817 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 928 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031