Асхат Аймағамбетов білім беру статистикасын кезең-кезеңімен ашу туралы айтты
Дәлірек айтқанда, оқушылардың алған бағалары мен жетістіктері, мұғалімдердің біліктілігі, мектептердің, колледждердің, балабақшалардың материалдық-техникалық қоры және т.б. Бұрын ҰБДҚ-дағы деректерді тек білім саласы қызметкерлері ғана пайдаланса, енді барлық ақпарат жұртшылыққа, сарапшыларға, зерттеушілерге, әкімдіктерге және басқа да мемлекеттік органдарға бірте-бірте және әртүрлі дәрежеде қолжетімді болады. Қазіргі уақытта білім беру статистикасын жинау тетігін толығымен қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны негізінен электронды журналдар жүйесінен алынатын бағаларды қоспағанда, ҰБДҚ-да әрбір білім беру ұйымына жауапты тұлғалардың өздері тікелей енгізетін. Енді қазір бұлтты бухгалтерия, электронды құжат айналымы және электронды кадр, электронды аттестация және басқа да жүйелерден барлық негізгі ақпаратты автоматты түрде жинау шаралары жүргізіліп жатыр. Яғни барлық ақпарат автоматты түрде деректер қорына түседі. Білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық білім беру деректер қорынан (ҰБДҚ) әртүрлі құрылымдарға, зерттеушілерге және жұртшылыққа арналған иесіз деректер белгілі бір параметрлер бойынша кезең-кезеңімен жалпыға қолжетімді болады. Яғни белгілі бір параметрлер бойынша кез келген адам статистикалық деректерді бақылай алады. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02QPSb32bqCBRjR2scb46ts1LCBHngaS5ofz5KKjNCK8vDA3vKN8wLR1f8mpH3eFjLl&id=1120704037&mibextid=qC1gEa
Автор: Абдуллаева Мөлдір Баспасөз хатшысыДереккөз:ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі