» » Қытай мектептерінде Димаш Құдайбергеннің әні үйретілуде

Қытай мектептерінде Димаш Құдайбергеннің әні үйретілуде

 Қытай мектептерінде оқушылар Димаш Құдайбергеннің «Ұмытылмас күн» әнін үйреніп жүр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА әншінің Инстаграмына сілтеме жасап. 
 Еске сала кетейік, бұл әнді (авторы - әншінің өзі, сөзін жазған - Орал Байсеңгір) Димаш Құдайберген Қытайда өткен «I am a Singer» халықаралық музыка байқауының 10-турында қазақ және қытай тілдерінде шырқап, үшінші орын алған болатын, бұл оның байқау финалына өтуіне мүмкіндік берген. «Менің екінші әуесқой сазгерлік жұмысым «Ұмытылмас күн» әнімді мектептерде үйретіп жатыр екен. Кішкентай ғана бүлдіршіндер, періштелер аман болсын. Әлемде тек бейбітшілік болсын! Бар әлемге ортақ тіл - музыка тілі екенін дәлелдеп жүрген барша тыңдармандарыма алғыс айтамын!» - деп жазды Димаш Инстаграмдағы парақшасына.


19 қыркүйек 2017 г. 2 463 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 570 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930