» » Назарбаев үкімет басшысына үш ауысымды мектептерді жоюды тапсырды

Назарбаев үкімет басшысына үш ауысымды мектептерді жоюды тапсырды

 Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауы барысында еліміздегі барлық мектептер мен бала бақшаларда бейне бақылау камераларын орнатуды тапсырды. Ол еліміздегі үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу керектігін айтты. Елбасыға балалардың түн ортасына дейін білім алатыны ұнамай отыр, деп хабарлайды Edunews.kz Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Елбасы Назарбаев зияткерлік мектептерінің жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отырғанын айтты.

“Назарбаев зияткерлік мектебінің жүйесі еліміздегі барлық орта мектептерге бірегей стандартқа айналуы тиіс. Менің айтып отырғаным, ондағы білім беру әдістері мен стандарттары қолданылуы керек.

Әрине, ол жақта оқушыларға жасалған жағдай басқа. Әрине, балалардың 100 пайыз талантты болуы мүмкін емес. Ол жақта балалар қатаң іріктеуден өтеді. Біз бұл мектепте Назарбаев университетіне және басқа да университеттерге түсетін элитаны дайындаймыз. Ол – дұрыс. Бірақ ол жақта білім беру методикасы дұрыс”, – деді мемлекет басшысы.

Назарбаев білім сапасын бағалау – халықаралық стандарттарға сай келуі керектігін кесіп айтты.
“Біз ешқайда кете алмаймыз. Жаһандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Біздің балалар ертең әлемнің балаларына айналады. Біз оларды дайындауымыз керек. Орта мектептің өзінде кәсіби диагностика жүргізіп, балаларды ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау керек”, – деп мәлімдеді Назарбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, шетелде 9-11 сынып оқушылары болашақта қандай мамандық иесі болатынын нақты біледі.

“Ал бізде ондай жоқ қой. Қолдарына аттестат береміз, әрі қарай не істесең өзің біл”, – деді елбасы.

Назарбаев, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі жайлы айта келе, еліміздегі мектеп пен бала-бақшаларда 100 пайыз бейне бақылау камераларын орнатуды тапсырды.

“Мектеп психологтармен жұмысты күшейту керек”, – деп мәлімдеді елбасы.

Назарбаев елімізде мектеп жетіспеушілігі және үш ауысымды мектептердің бар екенін күйіне айтты.

“2019-2021 жылдары осыған қосымша 50 миллион теңге бөлеміз. Солай келістік емес пе, Бақытжан Әбдірұлы?! Мына үш ауысымды білім беру деген масқараны шешіңдер. Өздерің ойлап көріңдер, таңғы сағат 8-де сабаққа келген бала кемі 2-3-ке дейін сабақта болады, бір сағаттан кейін екінші ауысым келеді, олар кешкі 7-ге дейін оқиды. Ал үшінші ауысым сонда түнгі 12-ге дейін оқуы керек пе? Қалай ғана мұндайға жол бере аламыз?” – деді Назарбаев.

05 қазан 2018 г. 4 920 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 004 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 800 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930