» » 2019 жылы қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады

2019 жылы қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады

Талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді қаңтар айында тапсыруға мүмкіндік туып отыр. Алайда, қаңтар айында өтетін тестілеуден кейін талапкер ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады. ҰБТ-ға өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады, деп хабардайды "Edunews.kz" AA ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік білім беру гранттары негізгі ҰБТ тапсырылғаннан кейін үлестірілетін болады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысатындар:

- орта мектептердің 11-12 сынып оқушылары (2019-2020 оқу жылында ЖОО-да ақылы негізде оқу үшін). Қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, қаңтар айындағы тестілеуде шекті балл жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады;

 - ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер. Бұл тестілеуден студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін өтеді. Егер студент шекті балл (50 балл) жинай алмаса, оқудан шығарылады.

Еске сала кетсек, тест тапсырушылар қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.

Тестілеуге қатысу үшін өтініштер ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктерінде қабылданады. Қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны - 2 242 теңге. 


24 қазан 2018 г. 2 389 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 015 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 804 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930