» » АР - НАМЫСЫМ, МАҚТАНЫШЫМ, ҚАСІРЕТІМ – ЖЕЛТОҚСАН

АР - НАМЫСЫМ, МАҚТАНЫШЫМ, ҚАСІРЕТІМ – ЖЕЛТОҚСАН

 

   АР - НАМЫСЫМ, МАҚТАНЫШЫМ, ҚАСІРЕТІМ – ЖЕЛТОҚСАН

 

Мақсаты: Тәуелсіздік Қазақстаннның болашағын құрайтын жастарды, шәкірттерді, дүниені дүр сілкіндірген Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары мен оның себеп – сипатымен таныстыру. Қалыптасып келген әкімшіл – әміршіл тоталитарлық режимге қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігін баян ету. Өз ұлтын сүюге, мақтан тұтуға, жерін қорғауға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреті, желтоқсан оқиғасы бейнеленген сюжетті кино фильм, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев суреттері, LCD – проэкторы, плакаттар.

 1 жүргізуші: Ақбота

Құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінің 27 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз! Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмыттылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі.

2 – ведущий: Саодат

Здравствуйте уважемые учителя и ученики. 19 лет живет Казахстан под стягом Независимости. 16 декабря 1991 года в нашей стране был принят Конституционный Закон «О государственной Независимости Республики Казахстан».

3 - жүргізуші: Эльмира  

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елрбол Сыпатаеватарды ( проекторда олардың суреті көрсетіледі), тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз. Рахмет.

   Таңшолпан:

Бұрқатып өткен  бұл халық мұны,

Бір дәуір сынды жыл болды ұлы

Желтоқсан таңы жадырап қайта

Ғасырдың бүгін нұрланды күні.

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар

Ақ құстай  бейбіт орманы самғап

Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

Нурсултан: 

Я – казах!

Горечь жизни вкусил я с пеленок.

Умирал и рождался я тысячу раз.

А сейчас меня слышат народы и страны,

Видят гордость в чуть суженных солнцем глазах.

Я могу создавать мировые дастаны,

И вписал в историю имя – Казах!

Балжан:Дауылға желтоқсанның желі айналады,

Ашу мінді Алатау кәрі, айбарлы,

Күтпеген іс ақыры не болды, деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның исеруі емес салтанатты,

Қытымыр қыстық басы сол бір айда

Желтоқсан әлемі әлемді жалт қаратты.

Мақпал:   Демонстрация  шыққан  жастарға  “ұлтшыл”,  “бұзақылар”,  “ішкіштер”, “нашақорлар” деген  жала  жабылды. Демонстрацияны  басу  үшін   70  мың  солдат  апарылды.  Олар  қазақ жастарын   ұрып-соғып,  қорлап   аюандық   жолмен  азаптады,  бірнеше  адамға ату  жазасын  кесіп,  қаншамасын темір  торға  тықты. Барлығы   99   адам  сотталды. Қазақ  кеңес  совет республикасы  жоғарғы  соты – 11  адамды, Алматы   қалалық  соты-59  адамды  жазаға тартып, 2 адам  ату жазасына  келісілді.  83  адам  1,5  жылдан  15  жылға  дейін  бас  бостандығынан  айырылды.

Жамбыл:    « Қасқалдақ » әні орындалады. Сөзі: Е Раушанов. әнін жазған І Аманов

 1 - жүргізуші: Ақбота. Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.

2 – жүргізуші: Саодат. 16 декабря 1986 года началась новая эпоха истории нашей страны. Воплощая  волю народа, его стремление к свободе, Казахстан обьявил о своей Независимости. На политической карте мира появилось молодое  демократическое государство – Республики Казахстан! Мы, молодое поколение, будущее Казахстана. Нам его строить и беречь, нам укреплять мир и дружбу между народами. Мы должны сохранить мир на древней и прекрасной казахстанской  земле, это важнейшее условие нашего процветания!

3 - жүргізуші: Эльмира. 16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.

Бота. Сол бір суығы ерте  түскен қыс  кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы  құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.

Али:

Да, путь к свободе шел сквозь тернии времен.

История подчас капризна и жестока.

Мой Казахстан! Все позади. Тот путь преодолен!

 И в будушее мы идем светлою дорогой!

Ақбота     Желтоқсан Алматыда ақ қарада

              Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

              Күнірене күн  күркіреп тау жақтан ,

              Жайдың оты жалаң қақты  шатқалда .

              Аппақ қала , аппақ ғалам

              О,тоба !

              Найзағайлар қар жалап тұр жотады.

              Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар

              Бұйдаланған ұқсас  жетім ботаға.

              Кім көріпті озаман да ,бұ заман ,

              Найзағайды  көк аязға құлаған

              Кеуделерді үрей –бөрі  ұлыды.

              Болсайшы аман , мына ғалам, дін аман!

          «Желтоқсан желі» әні орындалады. Сөзі: Асылбеков А. әнін жазған Тінәлиев Ә.

                                         Көрініс.

1- жүргізуші: Ақбота. Темір  тордың  ішінде  ҚАЙРАТ  өлең  жазып  отыр.

                     Еңілік:         Қайбана  қазақ  қамы  үшін,

                      Қарусыз   шықтық  алаңға.

                      Алыстан   әскер  алдырып,

                      Қырып  салды-ау   табанда

                      Сөйлесем  дауысым  жетпейтін,

                      Кез болдық  мынау  заманға

                      Шовинизм  еді  ғой,

                      Басты  себеп  жанжалға.

   2 – жүргізуші: Эльмира. Осы  кезде  камераға  кезекші  келеді.

Кезекші: Медеу.   

– Заключенный  Рыскулбекова  на  допрос!  (Қайратты  алдына  салып,   тергеу  бөлмесіне  әкеледі).

Тергеуші: Сұлтан.     

Айыпты  Рысқұлбеков.  Халық  жасақшысы СОВИЦКИЙДІ  өлтірген  сен  бе?

Қайрат Рысқұлбеков: Абылай.   Жоқ,  мен  емес.     

Тергеуші: Сұлтан. Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.

Қайрат Рысқұлбеков. Абылай. Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!   Тергеуші: Сұлтан. Алып кетіңдер.  Бәрібір  құтылмайсың,  декабрист  несчастный!   Бұзақы.

Хатшы: Индира. - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Тергеуші: Сұлтан. - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен  желтоқсанның 17 - 18   күні   алаңға   бардың  ба?

Қайрат Рысқұлбеков. Абылай. -  Иә,  бардым .   17  желтоқсан  күні.

Тергеуші: Сұлтан.-  Не  мақсатпен ?

Қайрат Рысқұлбеков. Абылай. Ол  жерге  барған  себебім!  Біріншіден: ел  айтқан,  естіген  сөздерді  өз көзіммен  көру үшін   бардым. Екіншіден,  алаңда қазақтың уыздай  жас қыздарын  ұрып - соғып  жатыр  деген  соң  ол  жерде  қаракөз   қарындастарыма  қолымнан  келгенше  бар  көмегімді бергенім  рас.  Ол  үшін   өкінбеймін, керісінше,   мақтан  тұтамын.

Сот: Ардақ.  Сен  9  машинаны  өртепсің,  соны  мойындайсың  ба ?

Қайрат Рысқұлбеков.Абылай. Жоқ,  ондай  жалғандықты  мойындамаймын.

Хатшы: Индира. Сот  кеңесуге  кетеді. ( Сәл  уақыттан  соң).Сот  келе  жатыр.   Тұрыңдар!

Сот: Ардақ.  Қазақ  Кеңес  Совет  Республикасының  жоғарғы   соты  үкім  етеді. Қылмыскер  Қайрат  Рысқұлбеков   Совицкийдің   өліміне байланысты  және  9  автомашинаны  өртеп,  152  автомашинаны  зақымдап,  326  милиционер  мен  196  әскерді   жаралап,  ауруханаға  түсуіне қатысты  деп  тауып,   ату   жазасына  үкім    шығарды.

Қайрат Рысқұлбеков. Абылай. Жоқ,   бұл  әділдік  емес

Апасы: Айдана. Бұл  үкім   дұрыс   емес. Менің   балам  ақ,  ол   қылмыскер  емес.

Хатшы: Индира. Тынышталыңдар.   Орындарыңызға    отырыңыздар.

Сот: Ардақ. Қайрат  Рысқұлов,   ақтық  сөзің  бар ма ?                  

Қайрат Рысқұлбеков: Абылай.   Бар.

                Күнәдан  таза  басым  бар

                21-де  жасым  бар

                Қасқалдақтай  қаным  бар

                Бозторғайдай  жаным  бар

                Алам  десең  алыңдар

                ҚАЙРАТ  деген  атым  бар

                Қазақ  деген  затым  бар

                Еркек  тоқты  құрбандық

                Атам  десең  атыңдар

                Мен  не  етермін,  не  етермін

                Мен  келмеске  кетермін

                Көрмеген  қош  бол  таңдарым,

                Көре  алмай  мен  өтермін

                Хош  аман  бол  артымда,

                Ағайын-туыс, азамат,

                Артымда  қалған  ата-анам,

                Ел  жұртым  саған  аманат!

Қайраттың   анасы: Айдана.  

Шырақтарым  кешіріңдер!  Ол  әлі  жас  қой!  Кешіріңдер, балаларым! Сендердіңде балаларың  бар  шығар?  Мен – анамын ,  ақ  жаулығымды  сыйлаңдаршы?  Оның  атынан  кешірім  сұраймын.  Кешіріңдер!

Қайрат Рысқұлбеков: Абылай.  

Көтер  ана,  көтер  ана  басыңды.

Өтті,  кетті  жауынды  күн  жасынды

Қазақпыз  ғой  мың  өліп,  мың  тірілген,

Мына  иттерге  көрсетпе  көз  жасыңды!

Кешір  ана,  жан  едің  ғой  тамаша,

Арым үшін  түстім,  рас  араша

Қалай  ғана  дәтім  шыдап  тура  алам

Ұл-қызыңды  қанішерлер  таласа,

Арым  үшін  түстім,  рас,  араша

Араша!

Оқушы:

Мы дружною семьею живем В  Казахстане - 

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов!

«Желтоқсан желі» әні орындалады.

1 – жүргізуші: Эльмира .1988 жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өз-өзін өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза  тапты.   Араға жылдар салып тарих қайнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасындағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор»деген атақтар халқымыздың  біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы»  Республика Призидентінің жарлығы шықты.  Ләззат Асанова ,Сабира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді Өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды.Бірақ олардың  есімі  ел есінен өтпейді.Желтоқсан құрбандарына әр   уақытта бас иіп тағзым етеміз.

2 –жүргізуші: Саодат

К середине 80 – х годов в советском обществе стала настоятельно ощущаться необходимость перемен, стремительно расти политическая  активность  масс начала. Ярким примером борьбы старого и нового мышления стало выступления казахской молодежи в декабре 1986 года, протестовавших против игнорирования Кремлем национальных интересов републики. И снова история вписала новые имена героев: Кайрат Рыскулбеков, Мырзакул Абдикулов, Ляззат Асанова, Сабира Мухамеджанова, Ербол Сыпатаев.

3 – жүргізуші: Ақбота.  Ерлеріміз арқасында  Қазақстан  егеменді  ел  болып,дүние жүзіне танылуда.Біздің  отанымыз Егеменді тәуелсіз  Қазақстан республикасы. Тарих  бізге  тәуелсіздікті  Тарту  етті. Енді біздің парызымыз—ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз  мемлекетімізді  өркениетті елдер  қатарына  қосу, мәдениетің  биік  шыңына  көтерілу. Құрметті жиналған  қауым .Сіздерді   тағы да   тәуелсіздігіміздің  торқалы тойымен  құттықтай отырып , мемлекетімізге   жарқын  болашақ, барлығыңызға  саулық тілейміз. Айымыз оңыздан тусын  деген  ниетпен  бүгінгі «Ар – намысым, мақтанышым, қасіретім - желтоқсан» атты бағдарламамыз  аяқталды.

 

 

  


Нурпеисова  Мария Атыхаевна

Жамбыл  Индустриалды – Технологиялық колледжінің

тарих және география пәнінің оқытушысЫ

Жамбыл облысы

Тараз қаласы


                                      


18 қаңтар 2019 г. 15 042 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 226 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031