» » Қызылордада инклюзивті білім беру ісіне баса назар аударылып отыр

Қызылордада инклюзивті білім беру ісіне баса назар аударылып отыр

Қызылорда Nur Otan партиясы облыстық филиалының өкілдері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында инклюзивті білім беруге бейімделген білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Соңғы жылдарда әлемде инклюзивті білім беру ісіне баса назар аударылып келеді. Бұл балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды талап етеді. Аталмыш бағытта елімізде 2020 жылға дейін инклюзивтік білім беруді 70 пайызға дейін жеткізу жоспарлаған. Мониторинг жүргізген топ құрамында мемлекеттік органдар, облыстық мүгедектер қоғамы және салалық үкіметтік емес ұйымдар өкілдері болды.  «Сыр өңірінде инклюзивті білім беруге бейімделген 112 балабақша, 148 мектеп, 18 кәсіптік техникалық колледжі бар. Бұл оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі 79 бала мен жасөспірім білім алуда. Алайда, ерекше білім алу қажеттілігі бар жеткіншектерді оқытуда арнайы мамандар қажет екені белгілі. Егер мұндай талаптар сақталмаса, бағдарламаны игеру сапасы төмен болады. Осындай бағдарламаны игере алмау салдарынан соңғы кездері үйден білім алатын оқушылар саны көбейген. Сараптамалық топ жұмысының негізгі мақсаты - аталмыш орындарындағы кемшіліктерді анықтап, мүмкіндігі шектелуі өрендерге кедергісіз орта қалыптастыру, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау, қоғам назарын аударту», - деді Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасының орынбасары Ержан Байтілес. Сараптамалық топ мүшелері Қызылорда қаласындағы №5 «Шаттық» балабақшасы, М.Сужиков атындағы № 6 орта мектеп пен «Болашақ» медицина колледжіндегі жұмыстармен танысты. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы балабақша, мектеп және колледж секілді оқу ошақтарын қамтиды. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі өрендерге инклюзивті білім беруде алдымен балабақшаның орны ерекше. болғандықтан иклюзивті білім беруде алдымен балабақшаның алар орны ерекше. Осы орайда №5 «Шаттық» балабақшасында бірқатар іс-шаралар атқарылған. 
«Біздің балабақшада 46 мүмкіндігі шектеулі бүлдіршін тәрбиеленеді. Біздің басты мақсатымыз - оларды ортаға бейімдеу, сапалы білім беру. Мұндай балалармен арнайы оқу курстарынан өткен тәрбиешілер жұмыс жасайды. Нәтиже жаман емес, олармен балабақша қызметіне белсене араласып, өзге балалармен бір ұжымда қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Бұл кезеңнен өткен балалардың мектепте білім алуына оңайырақ болады», -  деді «Шаттық» балабақшасының меңгерушісі Гүлден Сапабекова. Аталмыш топ рейд барысында инклюзивті білім беру мекемелерінің материалдық базасы, білім беру сапасы, кадрлармен  қамтамасыз етілуі секілді талаптардың сақталуын қадағалады. Мекеме басшылары мен мамандарына тиісті ұсыныс пен ескерту жасады. Бұл жұмыстар 30 сәуірге дейін жалғасады.


Автор: Әділжан Үмбет

Дереккөз: ҚазАқпарат агенттігі


30 сәуір 2019 г. 2 315 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 734 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 344 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930