» » Биылғы оқу жылында қанша нысан пайдалануға берілмек?

Биылғы оқу жылында қанша нысан пайдалануға берілмек?

 

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Астанада екі мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар 3 мектепке жапсарлас нысандардың құрылысы аяқталып қалды. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Астанадағы білім саласының инфрақұрылымын дамыту үшін 1 266,9 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы еorda.info хабарлайды.

2017 жылғы 1 шілдеге дейінгі көрсеткіш бойынша 708,9 миллион теңге игерілген. Қаржының бір бөлігі 2017-2018 оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс №16, 32, 37 мектептерге жасарлас салынып жатқан нысандарды аяқтауға және 2000 орындық екі мектепті (Сейфулина –Омарова және Иманова-Брусиловский көшелеріндегі метептер) салуға жұмсалады .

2017-2018 оқу жылында 2600 орындық мектепке жапсарлас салынған 5 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге 2018 жылы аяқталуы тиіс 6800 орындық 6 мектептің құрылысы басталды. 4200 орындық тағы 4 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. 2018-2019 жылдары құрылысы қарқын алатын 13 мектептің жобасы жасалып жатыр.

28 шілде 2017 г. 2 933 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031