» » Павлодарлық мұғалімдер өзін-өзі тану пәнін қашықтан оқыту ерекеліктерін талқылады

Павлодарлық мұғалімдер өзін-өзі тану пәнін қашықтан оқыту ерекеліктерін талқылады

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Қашықтан оқыту жағдайындағы өзін-өзі тану мұғалімінің жұмысы» тақырыбында облыстық семинарын ұйымдастырды. Іс-шараға орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 97 өзін-өзі тану мұғалімі қатысты

Павлодар қ. №14 ЖОМ өзін-өзі тану мұғалімі Л.В.Иваненко қашықтықтан оқыту жағдайындағы өзін-өзі тану мұғалімінің рөлі туралы айтты.
Павлодар қ. №25 ЖОМ мұғалімі Ж.Б.Ордабаева өз баяндамасында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда интернет-ресурстарды қолдану тиімділігін атап өтті
Павлодар қ. №21 ЖОМ мұғалімі М.К.Кенесбаева қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттық технологияларды қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетті.
Павлодар қ. №24 ЖОМ мұғалімі Д.К.Оспанова және Павлодар қ. №38 ЖОМ мұғаліміА.Б.Рахматуллина «Өзін-өзі тану» сабағында бейне сабақтарды қолдану тәжірибесімен бөлісті және қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқытудың ерекшеліктері туралы айтты.

 Семинарға қатысушылар талқыланған мәселелерге қызығушылық танытты, өтіп жатқан оқиғалар мен әріптестердің жұмыс тәжірибелері туралы пікір алмасты.


07 мамыр 2020 г. 1 591 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 213 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 608 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031