Инновациялық технологияларды кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үдерісіне қолдану
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Әрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаты мен мұраты тарих сахнасынан өзіндік орнын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, сол экономикасы жақсы дамыған елдердің басты жетістіктері олардың қазба байлықтарының көптігі немесе жер көлемінің үлкендігінде емес, сондағы байлықты өз орнымен игере білуінде. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ел ертеңі бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бүкілхалықтық дәрежеде мән беру-қазіргі таңдағы үлкен мәселе.
Ұлы Абайдың «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі кінәлі» деген әйгілі сөзін еске алсақ, қазір құдайға шүкір, еліміз еңсе көтеріп, әлемдік өркениет пен ұлттық рухани құндылықтарымызға бет бұра бастадық.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.Осы бағытта мұғалімдердің инновациялық білім прогресіне бет бұруы көзделуде.
Жалпы инновациялық бiлiм прогресiнiң негiзiне педагогиканың екi маңызды проблемасы жатыр:
- педагогикалық тәжiрибенi оқыту проблемасы;
- психологиялық – педагогикалық ғылым жетiстiктерiнiң практикасына дейiн жеткiзудiң проблемасы.
Бiлiмдегi иновациялық процестiң нәтижесi теория мен практиканың тоғысында пайда болатын – теориялықта, практикалықта жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сəйкес инновациялық тəсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік білім стандартына сəйкес оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тəрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кəсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге жəне оқытудың мақсатына жетуге тиімді, əрі нақты жол ашады.
Білім беру жүйесі алдында тұрған талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар танымдық іс - әрекетті дамыту әдістерін іздестіруде. И. П. Павлов «... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді» - деген болатын.
Міне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгілі әдістердің рөлін бағалай отырып, қоғам дамуының әр кезеңінде адам ақыл - ойының «терең қайнарына бойлай алатын» әдістерді пайдалану жолындағы ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті деп санау қажеттігін айту керек.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән оқытушысы ғана болу аз, оқытушы - ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс.
Мұғалім иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүреді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашу жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алу керек.
Инновация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.
Инновация сөзі латын тілінен аударғанда жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді.
Инновация — кез келген жаңалық немесе жаңалықты енгізу ғана емес, бұл бүгінгі қолданыстағы білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс. Инновациялық іс-әрекет — білім берудің кез келген деңгейінде инновациялық үдеріспен қамтамасыз ететін шаралар кешені және үдерістің өзі. Педагогикалық инновация білім беру жүйесін қайта құру, жетілдіру, модификациялау, өзгертуге байланысты немесе оның белгілі жақтарын, қасиеттерін және аспектілерін (жаңа заңнамалық акттерді, құрылымдарды, тұжырымдамаларды және интеграциялық байланыстарды және т.б.) жасақтау. Инновациялық үдеріс ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеттері, технологиясы және адам ресурстарын қамтиды.
Технология деген сөз грек тілінен алғанда техне – өнер, кәсіп, ғылым, логос – ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді.
Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосылады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
● оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
● оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;
● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті әдіс - тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті.
Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс - әрекетін оқу - ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
♦миға шабуыл әдісі;
♦топпен жұмыс;
♦проблемалық шығарма әдістері;
♦рөлдік ойындар;
♦зерттеулер;
♦іскерлік ойындар;
♦сын тұрғысынан ойлау әдісі;
♦пікірталастар және т. б.
Оқудың интерактивті әдістерінің үлгісі:
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез - келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және қатысушыларының белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.
Инновациялық іс-әрекеттің негізгі функцияларына педагогикалық үдерістің компоненттерінің өзгерістерін енгізеді: мақсаттары, білім беру мазмұны, оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, технологиялары, басқару жүйесі және т.б. Сонымен бірге барлық зерттеушілер инновацияны инновациялық стихиялы ізденіс ретінде қарастырмау керек деген пікірге келеді, себебі инновация - мақсатты бағытталған, саналы өзгеріс.
Бүгінде инновациялық өзгерістер әртүрлі бағыттарда жүруде, білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру; оқытудың жаңа технологияларын өңдеу мен жүзеге асыруда; жаңа бағдарламаны меңгерудің әдістері мен тәсілдерін қолдану; оқыту үдерісінде оқушылардың өзіндік анықталуына жағдай туғызу; мұғалім мен оқушының ойлау стилінде, өзара қарым-қатынастарында өзгеріс, білім беру мекемелерінде шығармашылық инновациялық ұжымды жасау және дамыту. Бұл үдерістердің барлық қарама-қайшылықтарында, шығындарында, кемшіліктерінде олар позитивті сипат береді. Осы инновация әлеуметтік институт ретінде білім беруге тән керітартпалықты жоюға мүмкіндік береді, әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттің, тұлғаның қажеттілігінің өзгерісіне жедел және икемді жауап беру механизмін құру жағдайларын қамтамасыз етеді, бұл бүгінде отандық білім беруді дамытудың өзекті міндеттері ретінде қарастырылады.
Осылайша, жоғарыда қарастырылған педагогикалық инновацияның болмысын ұғу амалдарындағы ортақ нәрсе олардың басты назары педагогикалық шығармашылықтың үдерісі мен нәтижесінде болуында. Барлық зерттеушілер білімнің инновациялық үдерістердің болмысын жаңа теориялық талдап, түсінік беруге, үздіксіз инновациялық қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттілігін атап өтеді. Бұл қажеттілік, өз кезегінде мамандардың арнайы даярлау, соның ішінде педагогикалық инновация саласында құзыретті педагогтерді даярлау мәселелесін өзектендіреді. Инновациялық іс-әрекетке, үздіксіз инновациялық режимде жұмыс жасауға педагогтерді даярлау арқылы инновациялық білім беруді дамытудың сәттілігі анықталады. Осы даярлықтың маңызды құрылымдық бөліміне қоғамның, еңбек нарығының, тұлғаның, технологиялардың және үздіксіз ақпараттық ортаның жаңаруына өз кәсіби іс-әрекетінде оперативті әрекет етіп, икемді болу қабілеті жатады. Сонымен, педагогтің құзыреттілігі білім берудегі инновацияның дамуының тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі. Сондықтан, педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін мақсатты дамыту- білімнің инновациялық дамуының маңызды факторы.
Осылайша, жоғарыда қарастырылған педагогикалық инновацияның болмысын ұғу амалдарындағы ортақ нәрсе олардың басты назары педагогикалық шығармашылықтың үдерісі мен нәтижесінде болуында. Барлық зерттеушілер білімнің инновациялық үдерістердің болмысын жаңа теориялық талдап, түсінік беруге, үздіксіз инновациялық қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттілігін атап өтеді. Бұл қажеттілік, өз кезегінде мамандардың арнайы даярлау, соның ішінде педагогикалық инновация саласында құзыретті педагогтерді даярлау мәселелесін өзектендіреді. Инновациялық іс-әрекетке, үздіксіз инновациялық режимде жұмыс жасауға педагогтерді даярлау арқылы инновациялық білім беруді дамытудың сәттілігі анықталады. Осы даярлықтың маңызды құрылымдық бөліміне қоғамның, еңбек нарығының, тұлғаның, технологиялардың және үздіксіз ақпараттық ортаның жаңаруына өз кәсіби іс-әрекетінде оперативті әрекет етіп, икемді болу қабілеті жатады. Сонымен, педагогтің құзыреттілігі білім берудегі инновацияның дамуының тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі. Сондықтан, педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін мақсатты дамыту- білімнің инновациялық дамуының маңызды факторы.
Біліктілікті арттырып тәжірибеге араласқаннан кейінгі мұғалімдердің дәстүрлі оқыту әдістемесіне көшіп кетпеуі үшін мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық әдістемелік қолдау мен біріккен әрекетті жүйелі жүзеге асыру маңызды. Бүгінде желілік қоғамдастықтар, әртүрлі формада тәжірибе алмасулар, ортақ ойды ортаға салатын басылымдар, іс –тәжірибені тарату жұмыстарының жүйелі жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде мұғалімге кәсіби қолдау, даму, кәсіби құзыреттіліктің арттыру қолайлы факторлары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым — даму тетігі / Елбасынынң ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2014.
2.Скакун В.А. Введение в профессию мастера производственного обучения:Методическое пособие.-М.:Высш.шк.,2010г.
3. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015
4. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011.«Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2013ж;
5. Шишов С.Е. Понятия компетенции в контексте проблемы качества образования. «Государства и образования, 2002 г»
6. Тренерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012., 6-7бб
7. zkoipk.kz
Жантаева Ардақ Мықтыбекқызы,
Айнабекова Индира Тайқоңырқызы
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті