» » Жаңа педагогикалық технология

Жаңа педагогикалық технология

Біздің өміріміздің мәні де, сәні де, махаббаты,мәртебесі де-бала.Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі,келешегіміздің келбеті. Бала тәрбиесі-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. «Тәрбие-тал бесіктен басталады» дегендей, баланың, дұрыс тәлім тәрбиеге бейімделуі алдымен  отбасына, содан соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты.

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәбиемен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасыннан қалыптасуы сөзсіз.

   Олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» - деп айтылған.

Еліміздің ертеңгі болашағы-өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан, ұрпақ тәрбиесіне аса жауап кершілікпен қарау-баршамыздың жауапты міндетіміз.

Қазіргі таңда «Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова   Бахытгуль Саматовнаның  көрсеткен бағыты бойынша жаңартылған  білім беру үлгісін пайдаланудамыз.

Баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады.       Дамытушылық ортасы дегеніміз-балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі,тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын,педагог жасаған зат-кеңістік ортасы;ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді.

Біздің балабақшада «Тәй-тәй» технологиясы мен әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда тиімділігін байқадық. «Тәй-тәй» технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру.                               “Тәй-тәй” технологиясының философиясы мынандай принциптер негізінде құрылған:
Отбасының оқу-тәрбие жұмысына тікелей
қатысуы;
Оқу тәрбие жұмысын жекешелендіру негізінде балаға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құру;
Топта таңдау мүмкіншілігін жүзеге асыру мақсатында оқу орталықтарын құру;
Оқытушыларға үнемі методикалық, техникалық тұрғыдан көмек көрсету.
Тәй-тәй” технологиясының мақсаты:
Жас бүлдіршіндерді жасытпай оқыту, сенімсіздік комплекстерін жою;
Мектеп ішінде әміршілік пен өктемдікті қажет етпейтін құрылымды қолдау;
Баланың өзіндік “Менің” анықтауға көмектесу;
Балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;
Балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
Балалардың бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру;
Балалардың қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту;
Балалардың адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен таныстыру.
Білім, білік дағдылары:
Өзара сыйластықты түсіне білуге қабілетті;
Айналасындағыларды ұнатып,жақсы көре біледі;
Жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады;
Шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;
Сабырлы болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді.
«Тәй-тәй» бағдарламасының ерекшелігі балалар орталықтарға бөлінеді.

Олар: Ғылым орталығы, өнер орталығы, көркем әдебиет орталығы, музыка орталығы т.б
Орталықтар балалардың жұптасып немесе аз топпен жұмыс жасауына қолайлы болуы қажет. Былайша айтқанда, орталық 5-6 немесе 7-8 бала сиятындай орын алуы керек;
Орталықтар балалар және үлкендер еркін қозғала алатындай ыңғайлы орналасуы тиіс
Әр орталықтың өз белгісі мен ережесі болуы қажет. Ережелерді тәрбиеші балалармен бірлесе отырып құрады;
Топта оқушылардың жиналатын орны болуы міндетті, ол жер жайлы, әрі төсеніші болғаны дұрыс;
«Шулы» орталықтардың «тыныш» орталықтардан аулағырақ орналасуын қадағалаңыз;
Топта үстелдер мен орындықтар саны жеткілікті болуы қажет; Осы орайда тәлімгер тәрбиешіміз Б.А.Досалиеваның ұйымдастыруымен өткізілген ашық оқу қызметімізді тілге тиек кетпекпіз. Мектепалды даярлық тобының бөлмесін арнайы орталықтарға бөліп алдық                 Балаларды әр орталыққа сай бейімдеп тәжірбие арқылы білімізді тереңдеттік.  Құрылтайшымыз К.М.Ускенова барлық орталықты жабдықтауға қолайлы жағдай туғызып берді.  Биылғы жаңа оқу жылындада «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша оқуды тереңдету жоспарда бар.Жоғары айтылғанды қортындылай келе,педагогикалық ұжым атқарған жұмыстардың іске асып жатқанын көреміз.Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне;оқытуына жағдай жасауда «Тәй-тәй» технологиясының тиімділігі алынған нәтижелер дәлелдейді. «Тәй-тәй» технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке тұлғаға бағыттау қағидаттарын арқау етуге мүмкіндік жасады. Мұндай оқыту жеке тұлғаның  білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, өзіндік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуынна мүмкіншілік жасайды.

Ұстаздың шеберлігі-талантты қажет ететін ерекше өнер емес, бірақ, басқа мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана, өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

 Тәрбиеленуші тәрбиешіге қарап бой түзейді, тәрбие алады: Ендеше жаңа ғасырдың ұрпағын сапалы тәрбиелеуге ат салысайық!

ЖШС «Гульжан» балабақшасының

саз жетекшісі: Нұрманова Жансая Орынбайқызы

тәрбиеші: Бейсекова Жарқын Қазыбекқызы

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы

14 ақпан 2020 г. 38 805 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 764 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 352 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930