» » БІЛІМ ДЕГЕН ЖЕМІС БЕРЕТІН МӘУЕЛІ АҒАШ

БІЛІМ ДЕГЕН ЖЕМІС БЕРЕТІН МӘУЕЛІ АҒАШ

Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал (Н.Ә.Назарбаев)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030» жолдауында тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ екенін атап көрсетті. Сондықтанда ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы ұрпақ  тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы болу міндеті тұр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы- әр адамның жан- жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын мемлекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен  қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім кеңістігіне толығымен бірігу және қоғамымыздың басты байлығы жас ұрпақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау жолымен оның ой- өрісін кеңейтіп жан- дүниесін байыту.

ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүние, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Білім- адамзаттың терең- және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен, білім сапасының іргетасын қалайды, өйткені, ертеңгі келер күннің бүгінігіден нұрлы болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш- тек білімге ғана тән.

Білім беру- қоғам өрлеуінің жетекші факторы және еліміздің дамуының стратегиялық ресурсы, жаңа миссияны орындаушы. Білім, құндылық, жүйе, үдеріс және нәтиже ретінде өскелең ұрпаққа жинақталған әлеуметтік тәжірибені беріп қана қоймай, сонымен қатар жасампаздық пен адами әлеуметтің дамуына мүмкіндік береді.

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі- оқушы, жеке тұлға, білім сапасы баспалдақтардың әр буынына байланысты біз білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысуымыз қажет.

Әр оқушыны жан -жақты білімді етіп тәрбиелеу- әр ұстаздың негізгі міндеті екені айқын. Уақыт талабы- шәкірт білімі. «Қазақстан -2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен  бәсекеде жеңілмейтін, сондай -ақ бойында ұлттық діні сақталған отаншылдық рухы кемел жаңа ұрпағын тәрбиелеу баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана әлемдік даму көшіне ілеспек.

            Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.

            Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауға қатаң ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн.

            «Тұлға»- адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта уақыт озған  сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз процессі деп түсінеміз.

Демек, бұл процесте жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

            Қазіргі заманның сұранысын қанағаттандыру ұстаздан жоғары мәдени- адами құндылықтар мен сенімдердің қалыптасқан жүйесін, кәсіби белсенділікпен өзін өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысты талап етеді. Осыған орай ұстаз өзінің шеберлігін үнемі ұштап отыру қажет.Кез келген оқытушы еркін әрі белсенді ойлауға, оқу- тәрбие үрдісін, модельдеуге, жаңа идеяларды туындатып іске асыруға қабілетті болуы тиіс.

Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауында көрсетілген мақсатын жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде жағдай жасайтын білім жүйесін дамыту  мен мемлекеттік, жалпы ұлттық басымдылық беріп, ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылық яғни құзіреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. Сол себепті, ертеңгі ел болашағы – бүгінгі жастар ретінде күтілетін нәтижелерді нақты тұжырымдаудың арқасында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталған білім беруді дамытудың маңызы зор. Қазіргі таңда білім, біліктілік, дағдыны қалыптастыратын дәстүрлі білім беру жүйесінің нәтижесі тұлғаны дамыту мен әлеуметтендіруге бағытталған білім беру жүйесіне көшу- негізгі талап және міндет.

Білім- адамның іс- тіршілігінің бастауы, бұлағы. Ол мәдениет, бақыт, байлық Білім тәрбие, болашақ, жасампаздық. Білімнің түп негізі –еңбекқорлық. Олай болса, бізге жаңа ұрпақ тәрбиесінде кешеуілдеуге болмайды. «Білім деген жеміс беретін мәуелі ағаш», оған ерінбей еңбек еткен адам ғана ие болады деп түсіндіріледі.

Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамға тәлім- тәрбие беріп, еңбекке үйрететін адамды мәңгі нұрдың қызметшісі деп өте жоғары бағалаған. Оның пікірінше мұғалім мамандығының иесі барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жан болып табылады. Болашақ мамандар санасына ақыл мен тәрбиенің дәнін сіңіретін тәрбиеші, ұстаз педагогтар болып табылады. Осы тұста Әл- Фараби «Кімде- кім өзінің тіршілігі үшін, өзіне пайда келтіретін еңбекпен айналысса, сонда ғана ол нағыз ел адамы бола алады»- деген өмірлік өсиет қалдырып кетті. Ғұламаның еңбек тәрбиесі туралы көзқарастары өзінен көп кейінгі ұрпақтар еңбектерінде жалғасын тауып жатты. Олай деп тұжырым жасауымызға ұлы Абай еңбектері негіз болады. Ақын осы тұста «Кімде- кім өзі үшін ғана өмір сүрсе, өзі үшін оттаған хайуанмен тең, ал халық игілігі үшін өмір сүрсе ол Алланың сүйген құлы болады» деп айтады.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев «Бәсеке- басы білім» деген. Ендеше ұстаздар қауымы ел болашағы жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасының үкілі үмітін ақтауға барлық күш- қуатын жұмсаған жөн. Болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы- білім сапасын арттыру.

Білім үрдісінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, оны жан- жақты зерттеу және әлемдік деңгейге көтеру- басты міндет болып қала береді. Өйткені, егеменді еліміздің ертеңгі білім үрдісі- білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттілікті толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты білім беру үрдісінің халық аралық стандартын енгізу- аса маңызды өзекті мәселе. Білім беру үрдісінің негізгі мақсаты- біздің отандық білім беру үрдісінің әлемдік талаптарына сай және бәсекеге қабілетті бола алытынына жағдай жасау болып табылады.

Өркениетті елдер арасындағы бәсекелестік білім деңгейімен анықталатыны, ұлттың бәсекелестік қабілеті ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Сондықтан алдымызда тұрған ауқымды мақсат- білім беру нарығындағы бәсекеге қабілетті, жан –жақты жетілген тұлғаны тәрбиелеу.

Тәуелсіздік алған жылдан бастап елімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу оны қазіргі заман талабына сай, түрлендіру, жаңарту және ұлт тәрбиесіне пайдалану жүйелі түрде қолға алынды. Соның бірі оқу орындарында арнайы бағдарламалар қабылданып жұмыс жасалуда. Көптеген қазақ халқының салт- дәстүрлері мен жол- жоралғысы, ырым- тыйымдары, жырлары мен жыр дастандары туралы кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік құралдар жарық көрді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы- мақсат міндеттердің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени- ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам аалдындағы борышымыз. Ал ойлы пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл- ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұзтаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал жастарды жан- жақты, қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт –дәстүрдің тәлім- тәрбиелік , білім танымдық ролі орасан зор.

Қазір өз ұлтының рухани қазыналарын білуге құштар, өрелі де намысты жастар көбейіп келеді.

Бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет бәсекеге қабілетті маманды даярлау болып отырған таңда ең алдымен оның тұлғалық қасиеттерін заман талабына сай қалыптастыру маңызды орынды иеленеді. Жаһандық білім кеңістігіне ену арқылы әлемдік ақпараттарды оқу мазмұнында қарастыру, ұлттық құндылықтарды басшылыққа алу арқылы  білімді интеграциялау, әлемдік оқыту технологияларын жетік пайдалануға қабілеттілік бәсекеге қабілетті маман бойынан табылуға тиісті талап ретінде қойылуда.



Автор:

САЛИМА ТАШКАРАЕВА,

М.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ



09 ақпан 2021 г. 3 915 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 857 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 747 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930