» » ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «АТАМЕКЕН» ЖӘНЕ «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПОТРИОТТЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «АТАМЕКЕН» ЖӘНЕ «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПОТРИОТТЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!

Қарағанды индустриялық университетінде «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 12-13  қазан аралығында республика күніне арналған  «Атамекен» және «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында патриоттық  эссе және диктант байқауы өтті.

Конкурстың мақсаты – жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, патриоттық таным мен мінездерін қалыптастыру, рухани-азаматтық сезімдерін және  ел тарихын құрметтеуге деген  ұстанымдарын  арттыру.

Сонымен қатар, эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның осы болашақты қалыптастыруға қатысуы туралы көзқарасы мен үміттерін көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстарын жазды.

Конкурсқа 1-4 курста оқитын  қазақ және орыс тілді студенттер арасында өтті.

Конкурсқа диктант мазмұны мемлекеттік және орыс тілінде дайындалып, 100 аса студент қатысты. Патриоттық конкурстық диктанты ұйымдастырушы кафедраның аға оқытушылары Капашева Ж.К. және Мырзаханова А.Т. шараны ерекше форматта өткізді.

Конкурс басында патриоттық әуен тыңдалып, конкурс мақсатын да білім алушылармен блиц-сауал арқылы анықтаған соң ғана арнайы әзірленген бланкіде диктант жүргізу талаптары сақтай отырып, орындалды.

Конкурс нәтижесінде арнайы құрылған комиссия 3 үздік жұмысты анықтап, жеңімпаздарды университет ректоры Б.С. Абдрасиловтың  арнайы дипломымен марапаттау және сыйлықтар табыстау Республика күніне орай өтетін мерекелік іс-шарада  жоспарлануда.


Дереккөз: Қарағанды индустриялық университетінің баспасөз қызметі.

17 қазан 2022 г. 20 649 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 545 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930