» » Қазақстан үш тілді білім беру жүйесіне толығымен көшуі мүмкін

Қазақстан үш тілді білім беру жүйесіне толығымен көшуі мүмкін

Қазақстан 5-6 жылдың ішінде үш тілді білім беру жүйесіне толығымен көшуі мүмкін. Қыркүйектен бастап 1-сынып оқушылары ағылшын тілін аптасына 2 сағаттан оқитын болады.

 

Үш тілді оқыту жүйесі қазіргі кезде республикамыздың 117 мектебіне тәжірибе түрінде енгізілген деп хабарлайды 31 арна.

Жоғарғы сыныптардың арасында өткен зияткерлік байқау оқушылардың ел тарихы мен салт-дәстүрін қаншалықты жақсы меңгергендігін айқын көрсетті. Сайыстың ерекшелігі сол, топтарға қойылған сұрақтардың барлығы тек ағылшын тілінде болды. Тиісінше қатысушылар өз жауаптарын да шет тілінде айтулары талап етілді. Мектеп ұстаздарынан құралған қазылар оқушылардың білімімен қатар тілдерінің қаншалықты жатық екендігін бағалап отырды.

"Біздің мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдері тереңдетіліп оқытылады. Ал биология пәні толықтай шет тілінде өтеді. Бүгін тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай оқушыларымыздың арасында жарыс өткіздік. Балалар ана тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерін қаншалықты жақсы меңгергендерін көрсетті", - дейді №140 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлмира Құсайынова.

2007 жылдан бастап үш тілді білім беру жүйесіне тәжірибелі түрде көшкен білім ошағы лингофон кабинеттерін, интерактивті тақталар мен электронды оқулықтарды пайданалып, балаларға барынша сапалы дәріс беруде.

"Қазір үш тілде оқитын 3 сыныбымыз бар. Бұлардың барлығы балалардың тіл үйренуіне еркін жол ашады. Тәжірибелі ұстаздарымыз сабақ береді. Сабақтарының өзін түрлендіріп, жаңа технология әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып өткізеді", - дейді №140 мектеп-гимназиясы оқу ісінің меңгерушісі Сафура Тимурбаева.

Жалпы 2018 жылдан бастап еліміздің барлық мектептерінде "Қазақстан тарихы" пәнін алтыншы сыныптан бастап тек қазақ тілінде оқыту, ал "Дүниежүзі тарихы" пәнін тек орыс тілінде оқыту көзделуде.

2019 жылғы оқу маусымынан бастап 10-11 сыныптар информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде меңгеретін болады. Ал толықтай көп тілді білім беру жүйесіне еліміз 2022 жылдан бастап ауысуды жоспарлап отыр.

20 шілде 2017 г. 3 622 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 988 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 794 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930