Қ.Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады

Ұлттық ғылым академиясының президенті Мемлекет басшысының адами капиталды қолдауға, білім мен ғылым саласына инвестиция тартуға, экономиканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыруға байланысты Жолдауда айтқан бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті отандық ірі өндірушілердің жұмыстарына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің тығыз ықпалдастығы инновацияларды енгізіп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жалпы ғылым еліміздің экономикасына қызмет етуге тиіс.
Дереккөз: 24.kz Ақпараттық Агенттігі