» » ҚазҰУ-де Елбасы Жолдауындағы негізгі басымдықтар талқыланды

ҚазҰУ-де Елбасы Жолдауындағы негізгі басымдықтар талқыланды

 Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы негізгі басымдықтарды талқылады, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Президенттің жаңа бастамалары еліміздің жетекші университетінің оқытушылары мен студенттері тарапынан қызу қолдау тапты. Ғалымдар негізінен кәсіптік даярлау саласына қойылған міндеттерді талқылады.

Кездесуді ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мемлекет басшысы адами капиталдың сапалы өсуіне жағдай жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды ЖІӨ-нің 10 пайызға дейін жеткізу еліміздің әлеуметтік дамуын анықтайтын негізгі бағыттарға қуатты серпін бермек.

Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту сапасына қойылатын талаптар артуда. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етуге арналған «Университет 4.0» жаңа буын үлгісін іске асыруда екендігін атап өту қажет.

Экономиканы жаңғыртуға және 4.0 өнеркәсібіне арналған кадрларды  даярлауға бағытталған мемлекеттік даму бағдарламалары аясында ҚазҰУ осы оқу жылынан бастап түпкілікті жаңа білім беру бағдарламаларын ұсынуда, олар: электрондық коммерция, сандық лингвистика, Big data, жасанды интеллект, геоинформатика, заттар интернеті, биоинформатика және т.б. АХҚО және Хамад бин Халифа университетімен (Катар) бірлесе исламдық қаржыландыру саласы бойынша магистрлік бағдарлама іске қосылды. «Сандық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚазҰУ алғаш рет ТМД кеңістігінде сандық университет үлгісін құрып,  университет жұмысын автоматтандыруға арналған бұлтты технологиялар, кампустық инфрақұрылымды басқарудағы ақылды технологиялар, аналитикалық жүйені құру үшін Big Data технологиясын енгізді. ҚазҰУ бастамасымен құрылған Қазақстанның ұлттық ашық білім беру платформасы қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан мен ТМД-да алғаш болып жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті күшті ғылыми топтарды құруға мүмкіндік беретін постдокторантура бағдарламасын ашты.

Мемлекет басшысының идеясын жүзеге асыру мақсатында  университетте халықаралық IT-технопарк құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның негізін ҚХР-дің мемлекеттік гранты - жоғары деңгейдегі суперкомпьютер құрайтын болады. Бұл жобаның жүзеге асырылуын Жаңа Жібек жолы университеттері Альянсының мүшелері болып табылатын әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орны қолдады.

Университет Ғылыми Кеңесінің талқылауы нәтижесінде Жолдауды жүзеге асырудың кешенді жол картасы қабылданды. Ол президенттік тапсырмалардың орындалуын, соның ішінде студенттік қалашықта барынша жайлы орта құруды, рейтингтік еңбекақы жүйесін жетілдіруді, импорт алмастыратын жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды және жоғары технологиялық қызметтерді ұсынуды, оқушылардың кәсіби диагностикасын жүргізуді және тағы басқаларды қамтамасыз ететін болады.

09 қазан 2018 г. 1 890 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 606 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930