» » А.Аймағамбетов Қостанайда Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай өтіп жатқан конференцияның пленарлық отырысына қатысты

А.Аймағамбетов Қостанайда Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай өтіп жатқан конференцияның пленарлық отырысына қатысты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай өтіп жатқан «Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» атты конференцияның пленарлық отырысын ашып берді.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев пленарлық отырысқамодератор ретінде қатысуда.

Ыбырай Алтынсарин идеялары және оның ағартушылық мұрасы, қазақ біліміне қосқан үлесі туралы тақырыптар қозғалып, Ы.Алтынсарин мұрасын зерделеу мен насихаттаудың өзекті мәселелері талқыланды.

«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық» деп айтқан Ыбырай Алтынсариннің арманы бүгінгі күні орындалды деп айта аламыз. Өйткені ұлы ағартушы көтерген ең басты мәселелер бүгінгі күні Тәуелсіздігіміздің арқасында іске асуда. Қазіргі уақытта қай саланы алып қарасақ та Ыбырай Алтынсариннің идеяларының шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді министр.

Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдік сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Облыс әкімі Архимед Бекежанұлы осы конференцияны өткізуге қолдау көрсеткені үшін Ұлттық білім академиясына алғыс білдірді. Сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің туған жерінде оның есімін қастерлеп, мұрасын насихаттауға қатысты жүйелі жұмыстар қолға алынғанын айтып өтті.

Облыс әкімі «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында Ы.Алтынсариннің кесенесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгенен кейін келушілердің саны едәуір артқанын, қонақтар мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін мемориалдық кешен аумағына визит-орталық салу  жоспарлап отырғанын айтты.

Конференция барысында жыл сайын оқушылар арасында республикалық деңгейде «Ыбырай оқуларын» өткізу және Ы.Алтынсарин мұрасын зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бойынша ұсынымдар айтылды.

Сонымен қатар бүгін Қостанайға жұмыс сапары аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев өңірдегі әдістемелік орталықтарға барып, олардың қызметіндегі шешімін табуды қажет ететін негізгі мәселелерді анықтауды жоспарлап отыр.

                                                                                            Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 

баспасөз қызметі

 


 

29 қыркүйек 2021 г. 22 627 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 170 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 600 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031