Қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды
IJSO зияткерлік жарысы 2-12 желтоқсан аралығында Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған әлемнің 60 елінен барлығы 300-ден астам оқушы қатысты.
Жүлдегерлерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады.
«Халықаралық аренада оқушылардың жеңістер легі жалғасуда. Біздің жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! Жаңа жеңістер тілеймін! Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ЖОО-да оқу үшін грант пен 4 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Мұндай олимпиадалардың тізімі тағы 7-мен толықтырылады», - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.
Биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда 27 медаль жеңіп алып, жаңа рекорд орнатты. Сыйақының жалпы сомасы 73 млн теңгеден асты.