» » Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасы бойынша V халықаралық олимпиада басталады

Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасы бойынша V халықаралық олимпиада басталады

  2022 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10:00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде туризмнің белсенді түрлерінің технологиясы мен тактикасы бойынша V халықаралық олимпиада басталады. Оған Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның сегіз жоғары оқу орны мен елордадағы «Жігер» спорт клубы қатысады, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі Д.Н.ГУМИЛЕВ атындағы ЕҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиадада ЕҰУ, Қазақ спорт және туризм академиясы, Тұран-Алматы университеті, Ташкент мемлекеттік экономика университеті (Өзбекстан), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, Алтай мемлекеттік университеті (Ресей), ҚазҰТБ командалары және қалалық «Жігер» спорт клубы өзара бақ сынайды. Олимпиаданың мақсаты – жастарды туризм саласына тарту және оқушылардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, бұқаралық спорт туризмін кеңінен насихаттау және одан әрі дамыту.Жарыс 2 кезең бойынша өтеді.Мандаттық комиссиясы мүшелері - Қазақстан Республикасы Спорттық туризм федерациясының және Астана қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы» МҚК еңбек сіңірген нұсқаушылары. Жарыс 2 күнге жалғасады. Жеңімпаздар 2022 жылдың 11 желтоқсанында марапатталады.

13 желтоксан 2022 г. 690 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 802 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930