» » Ұлттық спорт тоғызқұмалақтан универсиада басталды

Ұлттық спорт тоғызқұмалақтан универсиада басталды

 24 қазан күні Түркістан қаласы, Ахмет Ясауи университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының және ХҚТУ «Спорт клубының» ұйымдастыруымен тоғызқұмалақ спорт түрінен ЖОО арасындағы ІХ жазғы универсиаданың ашылу салтанаты өтті.Бұл туралы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

22-27 қазан күндері өтетін ерлер және қыздар арасындағы тоғызқұмалақ ойынына 9 ЖОО-дан жалпы 16 команда қатысып бақ сынауда.

  Спорт бәсекесінің ашылуында Халықаралық дәрежедегі төреші, ХҚТУ «Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Дәуренқұлов, Ұйымдастыру және тәрбие ісі жөніндегі вице-президент, профессор Б.Мухамеджанов сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Универсиадада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің командалары ойын көрсетеді. 

  Ойынның Бас төрешісі – Халықаралық дәрежедегі төреші Қ.Дәуренқұловтың айтуынша, зияткерлік ойынға қатысушы 71 спортшы реттелмелі Швейцар жүйесі бойынша ойын көрсетеді (ойыншылардың немесе командалардың рейтингілеріне сәйкес өткізу). Қатысушылар арасында  спорт шебері - 11,  спорт шеберлігіне үміткер – 21, І дәрежелі – 39 спортшы жастар бар. 9 қыздар командасы – 7 тур бойынша, 7 ұлдар командасы – 5 тур бойынша зияткерлік қабілеттерін танытады.

25 қазан 2017 г. 2 196 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 745 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930