» » ҚазҰУ грант саны бойынша еліміздің ЖОО арасында көш бастады

ҚазҰУ грант саны бойынша еліміздің ЖОО арасында көш бастады

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алуға берілген грант саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көш бастады.Бұл туралы ҚазҰУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Төрт мың бір жүзден астам үздік мектеп түлектері ҚазҰУ-да білім алу грантын жеңіп алды, олардың көбі «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары.

Қазақстандық жоғары білім берудің бүкіл тарихында мұндай нәтижеге ешқандай оқу орны қол жеткізбеген. ҚазҰУ грант саны бойынша өзге ЖОО-дан неғұрлым алда келеді. Мұндай нәтиже талапкерлердің саналы әрі мақсатты таңдауын, ҚазҰУ-ға деген қоғамдағы жоғары сенімді айғақтайды.

Бүгінде сапалы білім жастар үшін маңызды өмірлік басымдық болып табылады. Осы жылы университетке түсушілер техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мамандықтарға басым таңдау жасады. Сондықтан ең үлкен байқау радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, стандарттау, сертификаттау және метрология, биотехнология сынды мамандықтар бойынша жүргізілді. Сонымен қатар аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқықтану, қаржы, есеп және аудит, экономика және халықаралық құқық мамандықтары талапкерлер арасында танымал. Магистратура мен докторантураға түсуге де байқау өте жоғары. Жекелеген мамандықтар бойынша үміткерлер саны бір орынға 20-дан аса адамнан келеді.

ҚазҰУ өз түлектерімен мақтанады, олардың ізденімпаздығы мен табыстылығы оқу ордасы қызметінің басты көрсеткіші болып табылады. Жұмыс берушілер жұмысқа қабылдарда ҚазҰУ дипломы бар мамандарға баса мән береді. Олар экономиканың сан алуан салалары мен ел өмірінің түрлі аясында сұранысқа ие.

ҚазҰУ әлемнің үздік 250 ЖОО-ның қатарында және білім, ғылым мен инновацияның жетекші орталығы болып табылады. Университет әлемнің әйгілі жоғары оқу орындарымен қосдипломды білім бағдарламаларын, ағылшын тілінде оқытуды және халықаралық ынтымақтастықты қарқынды дамытуда, жұмыс берушілердің талабын ескере отырып нәтижеге бағытталған басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін, жаңа оқу бағдарламалары мен технологияларды енгізуде. ҚазҰУ-да бірінші курс студенттерін қызықты әрі мазмұнды студенттік өмір күтуде, бірегей кампуста табысты оқу мен шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған.

21 тамыз 2017 г. 2 043 0

Жаңалық тізбесі

Аппараттық жиналыс

22 қараша 2022 г. 3 982 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728