» » Білім гранттарын тағайындайтын комиссия жұмысын бастады

Білім гранттарын тағайындайтын комиссия жұмысын бастады

 Бүгін білім гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.Дереккөз:inform.kz.

 Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары енгізілген.

Конкурстық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша үлкен дайындық жұмысының қорытындысы шығарылады. Жыл бойында Министрлік студенттер контингентін іріктеу сапасын арттыру және қалыптастыру бойынша бірқатар жүйелі шараларды жүргізді. Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді.

Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша - 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша - 300 грант), 2850 орын - жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Аталған басымдықтарды ескере отырып, техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант және т.б. қарастырылды.

Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысуда, оның ішінде 49 858 адам  - қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам - орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 9 148 адам конкурсқа қатысуда. 

04 тамыз 2017 г. 3 034 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 836 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 739 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930