» » Мұғалім мамандығы ең құрметті мамандыққа айналады – мектеп директоры

Мұғалім мамандығы ең құрметті мамандыққа айналады – мектеп директоры

Түркістан облысы мұғалімдерінің Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан күтері көп. Олар қазан жолдауында айтылған «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданса, жөнсіз жұмысқа жегуден құтылатындарына сенеді, - деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.


Шардара ауданының «Жаушықұм» мектеп-лицейінің директоры Роза Жүнісқұлова қазан Жолдауы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды құжаттың біріне айналады, деп біледі.


«Елбасы Жолдауында барлық әлеуметтік саланы қамтыған міндеттер ашып көрсетілді. Сонымен бірге орындалмай жатқан тапсырмалар, кемшіліктер де ашына айтылды. Нұрсұлтан Әбішұлының ең алдымен қарапайым халықтың жағдайын терең ойлайтын көреген басшы екенін атап көрсеткім келеді. Себебі, жастардың тұрғын үймен қамтылуы, олардың алғашқы жарна сомасын мемлекет есебінен жеңілдікпен төлеуіне барлық әкімдерді міндеттеуі – баспана алуға қол жеткізе алмай жүрген миллиондаған жастардың үміттеріне сәуле шашып отыр. Сондай-ақ, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көбейтуді тапсырды» деген Роза Жүнісқұлованы Шардара аудандық мәслихатының депутаты ретінде бұқараның әлеуметтік жағдайы әрдайым алаңдатады екен. Сонымен қатар мектеп директоры ретінде педагог мамандарының мәселесін Елбасының басты назарына алғанына қуанышты.


Оның айтуынша бұрыннан бері айтылып-айтылып, сол айтылған жерде қалып кететін мұғалімдерді сайлауға жегу, залды толтыру үшін жиындарға еріксіз апару, басқа да толып жатқан қоғамдық жұмыстарды мойындарына артып қою секілді шаруаларды ендігі жерде Елбасының өзі тоқтатпақ.


«Менің мамандығым мұғалім болғандықтан, Елбасының білім саласы туралы айтқан әрбір сөйлеміне мұқият назар аудардым. Қазан жолдауы педагог мамандардың мәртебесін арттырған ерекше Жолдау болды деп есептеймін. «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң шығару жөнінде Президенттің айтқан сөзі шәкірт тәрбиелеп жүрген әрбір жанды толқытып тастады десем, артық айтқандық емес. Бұрыннан бері айтылып-айтылып, сол айтылған жерде қалып кететін мұғалімдерді сайлауға жегу, залды толтыру үшін жиындарға еріксіз апару, басқа да толып жатқан қоғамдық жұмыстарды мойындарына артып қою секілді шаруаларды ендігі жерде Елбасының өзі тоқтатпақ. «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң мұғалімдерді осындай жөнсіз жегулерден құтқарады. Оқытушы мұнан былайғы уақытта тек шәкірт тәрбиелеумен айналыспақ. Мұғалімдердің мәртебесін арттыру мәселесі көптен бері қозғалып жүргенімен, ешқандай нәтиже шығып жатқан жоқ еді. Енді мұғалім мамандығының ең бір құрметті мамандыққа айналуы үшін арнайы заң өмірге келетін болды. Мемлекет басшысы айтқан бұл ақжолтай хабар мұғалімдердің төл мерекесінде жасалған лайықты тартуы болды десек жаңылыспаймыз» - дейді ол.

07 қазан 2018 г. 3 715 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 156 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031