» » Сүлейменов үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге қанша қаржы бөлінетінін айтты

Сүлейменов үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге қанша қаржы бөлінетінін айтты

 Бүгін Үкімет отырысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланды. Осы орайда Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін келесі жылдан бастап мектеп құрылысы басталатынын айтты, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында айтылған тұрмыс сапасын арттыру деген екінші міндеттің шеңберінде әлеуметтік секторға және қауіпсіздікке баса назар аударумен бюджет шарасын қайта қарауға бағытталған 22 шара көзделген.


«Білім беру саласында оқушыларға орын тапшылығын жою үшін және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін келесі жылы қосымша 50 млрд теңге қаржыландырумен өңірлерде мектеп құрылысы басталады. Мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйымдар жұмыскерлерін ынталандыру үшін келесі жылы «Педагогтар мәртебесі туралы» заң әзірленетін болады. Денсаулық сақтау саласында осы жылы Астанада ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының құрылысы басталады», - деді Сүлейменов.


Ұлттық экономика министрі медицина қызметтерінің сапасын артыру үшін 2019 жылы 1 қаңтардан бастап емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшетінін атап өтті.


«Осы шаралардың барлығы халықтың сапасын арттыруды қамтамасыз ету үшін негіз болады», - деді ол.


09 қазан 2018 г. 1 618 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 167 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 597 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031