» » Астанада жыл сайын шамамен 15 мектеп салынуы тиіс – ҚР БҒМ

Астанада жыл сайын шамамен 15 мектеп салынуы тиіс – ҚР БҒМ

 2017 жылы Астанаға аймақтардан шамамен 80 мың адам көшіп келген, оның 17 мыңы балалар. Бұл әлеуметтік жүйеге және мектепке қосымша жүктеме түсіріп отыр. Осы мәселені шешу үшін Астанаға жыл сайын шамамен 15 мектеп салынуы тиіс, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәселені 2015-2017 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасының "Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту" бағытын жүзеге асыру бойынша республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражатты мақсатты игеруге арналған "Нұр Отан" фракциясының жанындағы жиында талқылады.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, үш ауысымды мектептердің пайда болуы ол демографиялық және көші-қон мәселесіне байланысты.

"Қазақстандағы халық санының өсімі жыл сайын 230 мың адамды құрайды. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент және Алматы мен Түркістан облысындағы табиғи және көші-қон мәселесіне байланысты жыл сайын халық өсімі 40-50 мыңды құрауда. Сол себепті, әлеуметтік инфрақұрылым осы шараларға үлгермеуде. Өйткені, елімізде жыл сайын республикалық бюджет есебінен 10 мектеп салыну керек, ал Астанада 15 мектеп", - деді ол.

Вице-министр инвесторларды мектеп салуға ынталандыру керектігін айтты. Үшжылдық бюджет шеңберінде жеке секторға білім беру объектілерінің құрылысы бойынша, студенттік жатақхана құрылыс жобасына ұқсас өтемақы төлемдері көзделеді.

"Қазір барлық аймақта мектеп салуға қызығушылығы бар бизнесмендер бар, біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз", - деді Бибігүл Асылова.  

03 қазан 2018 г. 1 662 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 864 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 750 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930