» » Мектептер мен балабақшалар бейнебақылау камераларымен қашан жабдықталады

Мектептер мен балабақшалар бейнебақылау камераларымен қашан жабдықталады

  ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Қазақстан мектептері мен балабақшаларын бейнебақылау камераларымен жабдықтау жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан мектептері мен балабақшаларының 80 проценті бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

"Қауіпсіздік пен білім сапасы бәрінен де маңызды. Республика бойынша бейнекамералармен қамтамасыз етуде Атырау облысы (87%) көш бастап тұр. Павлодар, СҚО, Қарағанды облыстары да алдыңғы қатарда. Керісінше, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысына (37%) тиесілі. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында да бейнекамералармен жабдықталған мектептер өте аз", - деді вице-министр Эльмира Суханбердиева Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, министрлік өңірлерге үш жыл уақыт берді және  жабдықтау жұмыстары бойынша әкімдіктер тікелей жауап береді.

"Үш жылда Қазақстанның барлық мектепері мен балабақшалары бейнебақылау камераларымен 100% жабдықталуы тиіс", - деді Эльмира Суханбердиева.

09 қазан 2018 г. 1 324 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 194 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031