» » Мұғалімдердің мәртебесі туралы заң әзірленеді – Сағадиев

Мұғалімдердің мәртебесі туралы заң әзірленеді – Сағадиев

 Елбасының тапсырмасы бойынша педагогтың мәртебесі туралы заң әзірленеді. Заңда мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтеру, оқу жүктемесін қысқарту, қажетсіз тексеру комиссияларынан қорғау үшін нормалар қарастырылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысында айтты, деп хабарлайды "Edunews.kz" АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.


Министр жиын барысында, Елбасы Жолдауында Білім беру жүйесін одан ары дамыту маңызды стратегиялық маңызды бағыттардың бірі болып белгіленін, мұғалімдердің мәртебесі мен қоғамдағы ролін арттыруға ерекше көңіл бөлінгенін айта келе, осы қамқорлығы үшін Елбасыға үлкен алғыс білдірді.


Сондай-ақ қазіргі уақытта министрлік әкімдіктермен бірлесіп білім беру жүйесін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жасап жатқандығын, дегенімен бірқатар мәселелер бар екендігін айтып өтті.


«Бірінші, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. Қазір 3-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95 пайызды құрайды, балабақшаларға жолдама берудің электронды жүйесі енгізілді қазіргі уақытта орташа 70 пайыз. 8 өңірде 100 %, ол Астана, Алматы, Шымкент және Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында. Ең төмен көрсеткіш Қарағандыда – 44, Түркістан облысында – 35 және Алматы облысында – 30%. Сонымен қатар Жамбыл және Қостанай облыстарында электронды жүйе жоқ. Осы жұмыс өте маңызды, нәтижесінде кезек жариялық түрде әрі тез жылжитын болады. Осыған арнайы назар аударуды сұраймын», - деді ол.


Сонымен қатар ол, балалардың денсаулығын қорғау мектепке дейінгі мекемелердің басты міндетінің бірі болып табылатындығын және қазір балабақшалардың 5-0-80 пайызында бейнекамера орнатылғандығын жеткізді.


«Көрсеткіштері төмен облыстар: Ақтөбе облысы – 37%, Түркістан облысы – 38%, Қызылорда облысында – 39%, Шымкент және Алматы қалаларында – 50%. Мектепке дейінгі мекемелерді камерамен қамтамасыз етуде ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Ең жоғары көрсеткіш Атырау, Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан, Алматы және Шымкент қалаларында», - деді ол.


Сөз арасында ол Елбасының тапсырмасына сәйкес балабақшалар мен мектептерді бейнекамералармен қамтамасыз етуге 2 жыл беріліп отырғандығын, осы жұмысты бүгінгі күннен бастап қолға алуды сұрайтындығын жеткізді.


«Елбасының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім сапасын жақсарту үшін балабақшадағы мамандардың білімін көтеру қажет болып тұр. Әкімдіктермен бірлесе «Жол картасы» әзірленеді. Оған мектепке дейінгі тәрбиешілердің біліктілігін арттыру курсын енгізу, Ұлттық тестілеу жүйесін жасау және соған байланысты тәрбиешілердің айлықтарын көтеретін жаңа квалификатциячлық жүйесі қарастырылатын болады», - деді министр.


Сағадиев сондай-ақ Елбасының тапсырмасы бойынша мұғалімдердің мәртебесі туралы заң әзірленетіндігін айтып өтті.


«Педагогтың мәртебесі туралы заң әзірленеді, Заңда мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтеру, оқу жүктемесін қысқарту, қажетсіз тексеру комиссияларынан қорғау үшін нормалар қарастырылады. Заңды бекіту 2019 жылға жоспарланған, биыл Заң дайындалып қоғамдық талқылау процесінен өтетін болады», - деді министр.


09 қазан 2018 г. 2 008 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031