» » Астана оқушыларына ағылшын тілін тегін үйрететін жаңа жоба іске қосылды

Астана оқушыларына ағылшын тілін тегін үйрететін жаңа жоба іске қосылды

Елорда оқушылары үшін «Open English» атты ағылшын тілін тегін үйрететін жаңа оқу модулі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Open English - еріктілерді дайындау бойынша Кембридждің КЕТ  және РЕТ емтихандарының негізінде оқушыларға ағылшын тілін үйретуге арналған жоба. Жаңа жоба елорданың 12 мектебінде пилоттық режімде іске қосылды.

Жобада жүзеге асырып, мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрету мақсатында арнайы 30 оқытушы-ерікті даярланды, олар мектептердің 9-10 сынып оқушыларынан құралған 15 топты оқытады, әр топта 12 адамнан бар. Алғаш қолға алынған пилоттық жоба бойынша ағылшын тілі курсынан барлығы 180 оқушы өтеді.

Шет тілін үйрететін оқытушы-еріктілер Назарбаев Университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебінің студенттері мен түлектері.

«Жобаны іске асыруда жастар білікті сарапшылардың қолдауымен алға қойылған міндет тапсырмаларды шешуде күш біріктіреді. Open English - бұл мектеп оқушыларына ағылшын тілін жаппай үйретуге арналған жоба. Алдымен үйретушілерден құралған сарапшы топтар шет тілін үйрету мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілін әзірлеп шықты. Осылайша аз уақыт ішінде тиімді әдіспен оқушыларға жаппай ағылшын тілін үйретеді», - деді аталған жобаның авторы, «Зерайна» қоғамдық қорының директоры Людмила Бурлаченко.

Аталған жоба Astana Hub-тың «100 стартап» атты бағдарламасының қатарына кіреді сонымен қатар тіл үйрену курсынан өткен барлық қатысушылардың білім деңгейлері LIFT емтиханы арқылы бағаланып, оларға бал беріледі.

Айта кетейік, Open English - әлеуметтік инновациялық жобасы «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылуда 

10 қазан 2018 г. 1 704 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 956 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031