» » Министрлік ағылшын тілін білетін мұғалімдердің жалақысын 200 пайызға өсіру туралы мәселеге қатысты пікір білдірді

Министрлік ағылшын тілін білетін мұғалімдердің жалақысын 200 пайызға өсіру туралы мәселеге қатысты пікір білдірді

 ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ағылшын тілін меңгерген мұғалімдердің жалақысын 200 пайызға өсіру туралы мәселеге қатысты пікірін білдірді.Бұл жөнінде Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 
 "Cәйкесінше белгілі бір ереже бар. Яғни, мұғалім дайындықтан өтіп, ағылшын тілінің белгілі бір деңгейін меңгеріп мектептерде жоғары сынып оқушыларына сабақ береді: химия,физика, биология пәндерінен (ағылшын тілінде - автор.). Бұл дегеніміз мұғалім біліктілігін арттырып, ағылшын тілінің белгілі бір деңгейін жетік меңгеріп, ағылшын тілінде ғана сабақ береді деген сөз. Сәйкесінше оның жалақысы да өседі", - деп түсіндірді Бибігүл Асылова. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда үш тілді білім беру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу процесі жүріп жатыр. Осыған дейін мектептер мен лицейлерде ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген мұғалімдердің жалақысы да көтеріледі. "Бұл 200 пайыз лауазымдық қызметақыдан есептелінеді. Яғни, жалақының үстінен шамамен тағы 35 мың теңге қосылады", - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі. Бүгінде ҚР БҒМ ағылшын тілінде сабақ беруге дайын мұғалімдердің санына қатысты мәліметтерді жинастырып жатыр. "Қыркүйек те келіп қалды, тізім дайындалып жатыр. Кейінірек ағылшын тілін білетін нақты қанша мұғалім бар екенін айтамыз. Қаражат жағын былтыр қарастырып қойғанбыз. Биыл енді нормативті-құқықтық базаны дайындадық. Барлығы нақты болуы керек", - деді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова. 

10 тамыз 2017 г. 4 253 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 051 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930