» » Кітап сүйген жамбылдық жастар арасында облыстық байқау өтті

Кітап сүйген жамбылдық жастар арасында облыстық байқау өтті

 Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Сұлтан Қалиевтің 75 жыл толуына орай «Əлемді кітап арқылы танимын» атты жас оқырмандар арасында облыстық байқау өтті. Бұл туралы "Edunews.kz" AA Arainews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты  жасөспірімдер арасында кітапсүйер жастарды анықтау жəне Сұлтан Қалиевтің өнері мен шығармашылығын паш ету.
Шараның ашылуында басқарма орынбасары  Зубайра   Жарқынқызы  қатысушыларға сәттілік тілеп, ақынның өнер жолына тоқаталып өтті. Байқау шарты бойынша   7 мен 10, 10 мен 15 жас аралығын қамтитын төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қатысушылар өзін-өзі таныстырды, екінші кезеңде оқушылар С.Қалиевтің өлеңін оқып, көрініс қойды, одан кейін «портрет галерея» кезеңінде  ертегі кейіпкерлерін тауып, төртінші кезеңде Сұлтан Қалиевтің өнері мен шығармашылығынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 
Байқауға ақын, журналист, сатирик Бақытжан Советұлы, Д.А. Қонаев қорының аға референті Құрманғазы Демешов, облыстық «Aq-Jol» газетінің тілшісі Есет Досалы қазылық етті. Қазылар алқасы қатысушылардың ұпай сандарын әр кезең сайын бағалап отырды. 
Сонымен,  жеті және он жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы байқаудың нәтижесінде Талас ауданынан келген Алина Бейбіт бірінші орын, Сарысудан Диас Бақытжан екінші орынды еншілесе, үшінші орынды Меркілік Медина Мәжит пен Инсан Разбай жеңіп алды. Ал он мен он бес жас аралығындағы оқушылар арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынға Жуалы ауданының қатсыушысы Меруерт Кари қол жеткізді. Екінші орынды Жамбыл ауданының оқушысы Махаббат Алипчеева мен Байзақ ауданының оқушысы  Венера Мырзакулова бөліссе, Минура Сатыбалдиеваға үшінші орын бұйырды.
Жеңімпаздардың диплом мен бағалы сыйлықтарын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бақытжан Әлімқұлов табыс етті.
11 қазан 2018 г. 36 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031