» » Биология пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті

Биология пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті

 Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында 2017 жылғы 5 қазан күні биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы жасалды. Биология бойынша үздік білгірлер сайысына 88 оқушы қатысты.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқушылардың биология пәнін терең білімге деген құштарлығы қуантады. Барлық оқушылар талантты болғандықтан жеңімпазды анықтау қиынға түсті.

Төрт сағаттық жарыста озып шыққан жеңімпаз – Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназиясының 8 сынып оқушысы Хуантхан Нурсерик.

Екінші орынды  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Аубакиров Руслан, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы  Тоқтар Ырысты иеленді.

Үшінші орынға облыстық көп салалы дарынды  балаларға арналған лицей-интернатының 7 және 8 сынып оқушылары Белокурова Злата мен Нурмаганбетов Бакытжан, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді  лицейінің 8 сынып оқушысы Балашов Рамазан ие болды.

 Құрмет грамотасымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы  Мусин Адильжан, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейінің 8 сынып оқушысы Медет Кашен, Ақсу қаласы мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Успанова Аймира,  облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7 және 8 сынып оқушылары Ахметова Алуа мен Евлоев Микаил марапатталды.

  
06 қазан 2017 г. 5 316 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 163 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031