» » Семей мектептерінде қатты жел салдарынан сабақ тоқтатылды

Семей мектептерінде қатты жел салдарынан сабақ тоқтатылды

Облыстық Білім басқармасының ақпаратынша, бүгін Семейде екінші ауысымда оқып жүрген 1-9 cынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ТЖ департаментінің сайтында Семейде мектептердің екінші ауысымда оқитын оқушылары үшін сабақ тоқтатылғаны туралы хабарланды. Қалада 20 м/сек жылдамдықпен қатты жел соғып тұр. Сондай-ақ қазір Өскеменде де жел күшейіп келеді. Синоптиктер оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 22 м/сек дейін жететіні туралы ескертті.
«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, 14 қазан күні Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түсіп, таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа қарай ауысып, жел екпіні 23-28 м/сек дейін жетеді.

13 қазан 2018 г. 1 400 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 24 042 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 23 503 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728