» » Ақтөбе мектептерінде оқулық жетіспей жатыр

Ақтөбе мектептерінде оқулық жетіспей жатыр

  Әсіресе, бірінші және тоғызыншы сынып оқушылары үшін кітап тапшы болып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Облыстық білім беру басқармасындағылар биыл оқушы санының күрт өскенін айтады. Қазір оқушыларды оқулықпен қамту деңгейі 98%. Қалған 2%-ын жабу үшін жергілікті бюджеттен қосымша 107 млн теңге бөлу жоспарда. Ал биыл жаңартылған мазмұнда қайта басылып шыққан үш, алты және сегізінші сыныпқа арналған оқулықтар қажетті мөлшерде сатып алынған. Жалпы биыл облыс мектептерін оқулықпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 1 млрд 600 млн теңге бөлінді. Бұл өткен жылғыдан 400 млн теңгеге артық.
Алмагүл Толыбаева, облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы:
- 1 қыркүйек оқулық таратқанда оқушылар келіп, саны шыққан кезде оқулықтардың жетіспеуі анықталды. Әсіресе, жаңа шағын аудандардарда, Батыс ауданында. Оны бірақ келесі жылы оқулық жаңадан шығарылатын болғандықтан, биыл қолдағы бар кітаппен ғана оқып шығады тоғызыншы сыныптар. Келесі жылы 2019-2020 жылға 9-сынып жаңартылған мазмұнда қайта басылып шығады. Аудандарда артық калған кітаптарды, мектеп арасында келген балаларды кітабымен алдырып, мәселені шешу қарастырылып жатыр.
Ис
03 қазан 2018 г. 1 710 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 156 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031