» » Ата-аналар психологтардан құнды кеңестер алды

Ата-аналар психологтардан құнды кеңестер алды

Ағымдағы жылдың 13-14 қазанында еліміздің барлық мектептерінде «21-ғасырдағы қазақстандық ата ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциялары өтті. Жиындарда бастауыш сынып оқушылары мен 8-9 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек көрсету сұрақтары талқыланды. Бұл туралы "Edunews.kz" AA  хабарлайды.

Мектептегі дәстүрлі ата-аналар жиналысы көптеген мәселелерді шешуге көмектесетіні анық. Алайда, сынып жетекшілерінің айтуынша, ата-аналармен қарым-қатынас орнатудың бұл түрінде бірқатар қиындықтар туындайды. Ең басты себебі – педагогтерге жүктелетін жұмыстың шамадан тыс болуы және жиналысты өткізу әдісінің ескіруі. Сайып келгенде, бұл ата-аналардың мектеппен қарым-қатынас орнатуына әсер етеді.

БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ дәстүрлі жиналыстан ерекшелігі – бұл жас ұрпақты инновациялық білімдермен және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталған және түрлі тақырыптады қамтитын жаңа формат. Осыған орай, республикалық ата-аналар конференциясын еліміздің барлық мектептерінде өткізілді.

Конференцияға қатысушыларға психологтардан «Жасөспірімдермен қалай қарым-қатынас орнатуға болады», «Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы суицидтік іс-әрекеттердің алдын алу» бойынша құнды кеңестер беріліп, жиын барысында жаңа психолого-педагогикалық әдістер мен технологиялар пайдаланылды.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық ата-аналар конференциялары 2-3-4 сынып оқушыларының ата-аналарына - 13 қазан, 8-9 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына - 14 қазан күні өткен болатын.

15 қазан 2018 г. 2 367 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 206 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031