» » Қазақстан мектептерінде ата-аналар комитетіне тыйым салынуы мүмкін

Қазақстан мектептерінде ата-аналар комитетіне тыйым салынуы мүмкін

 
Қазақстанда ата-аналар комитетіне тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева мәлімдеді, - деп хабарлайды "Edunews.kz" АА Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Астанада өткен брифинг барысында жемқорлық бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері мен білім беру cаласында анықталған проблемалар жайлы айтты.  
"Маусым айында ата-аналар арасында аноним түрде жүргізілген әлеуметтік сауалнама айына немесе аптасына қанша ақша жиналатынын білуге мүмкіндік берді - 1 000 теңгеден бастап 10 000 теңгеге дейін жинағандары анықталды. 100 адамның 87-сі өмірінде бір рет болса да мектепте ақша жинағанын айтты. Дәл осы дерек бізге жүйелі түрде жұмыс істеуге септігін тигізді. (...) Ата-аналардың ешқайсы мектептерде ақша жинайтыны жайлы ашық айтпады", - деді Жазира Жылқышиева.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Астанада ақпан айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен әкімдік өкілдері бірігіп "Астана - адалдық алаңы" жобасын жүзеге асырып жатыр. 
"Соңғы төрт ай ішінде білім беру басқармасы мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметіне қатысты зерттеу жүргізілді. Жобадағылар қоғамдық ұйымдармен біріге отырып, жазда оқушылардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі білім беру мекемелерінде, мектеп немесе сынып қажеттілігіне қосымша ақша жиналатынын көрсетті", - деп хабарлады Жазира Жылқышиева. 
"Көбіне ақшаны ата-аналар комитетіндегілер жинайды. Осы ретте жоба өкілдері Білім және ғылым министрлігіндегілерге ата-аналар комитетіне тыйым салу туралы ұсыныс жасады. Себебі ата-аналар комитетінің қызметі тұрмыстық жемқорлыққа себеп болып жатады", - деді Жылқышиева.
09 қазан 2018 г. 1 457 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031