» » Елордада жазғы лагерьлер жәрмеңкесі өтуде

Елордада жазғы лагерьлер жәрмеңкесі өтуде

Елордада жазғы лагерьлер жәрмеңкесі Шара М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы жанындағы Арбат ауданда өтеді. Бұл туралы «Edunews.kz» Ақпараттық Агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Жазғы маусымда оқушылардың белсенді демалысын, оларды сауықтыруды, бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру – елордадағы білім беру мекемелері қызметінің басымдықты бағыттарының бірі. Әр ата-ана өз баласы үшін талғамына сай жазғы лагерьді өз бетінше таңдап, бағдарламалармен, тұру және тамақтану, тасымалдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларымен таныса алады», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Жәрмеңкеге DISCOVERY, «Миротворец», «Балдәурен» БСЛ, «Сұңқар» БСО, «Звездный» БСО, ARMAN балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, «Парус» БСО, «Самұрық» БСО, Nomads Camp халықаралық киіз үй лагері, «Жұлдыз» БСЛ, «Чайка» БСЛ, «Сокол» БСЛ, М. Ғабдуллин атындағы демалыс кешені, «Лесная сказка» ДОО, «Тұлпар» этникалық киіз үй лагері, «Батыр» шатырлы лагері сияқты Ақмола облысының балаларға арналған жетекші сауықтыру лагерьлері қатысады. 

Шара М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы жанындағы Арбат ауданда өтеді.


Дереккөз: baq.kz.
06 мамыр 2019 г. 3 463 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 652 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031